Нұр-Сұлтан
Қазір
9
Ертең
16
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

Павлодарда көпқабатты тұрғын үй өртеніп, 8 адам зардап шекті

Олардың арасында 2 жүкті әйел, 4 бала және 2 қарт кісі бар. Абырой болғанда, адам шығыны жоқ. Өрт сөндірушілерге Суворов көшесіндегі 27-үйден өрт шыққаны туралы ақпар сағат 21:00 шамасында түскен. Оқиға қауіптілігі жоғары санатқа жатқызылғандықтан, бірден 5 өрт сөндіру техникасы жіберілді. Белгілі болғаны тілсіз жау 7-қабаттан шыққан.

Сабыржан Тәстембеkов, ТЖД Жедел әрекет бөлімінің күш құрылымдарын басқару орталығы басшысының орынбасары:

– Өрт сөндірушілердің жұмысын қою түтін күрделендіре түсті. Біз 20 адамды қауіпсіз жерге шығардық. 8 адамды автобаспалдақпен түсіруге тура келді. Олардың 4-еуі – бала. Біреуі – ІІ топтағы мүгедек.

Хамида Сатыбалдина, өрт шыққан үйдің тұрғыны:

– Енді өрт болғасын, қорқасың ғой. Балаларды киіндіріп, тезірек салқын жерге шығардық.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз