Павлодарда сәрсенбі күні таңертең «Иегова куәгерлері патшалығы» қауымының ғимараты өртенді.
Бұл туралы облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
Өрт туралы хабар шұғыл байланыс желісіне таңғы сағат 4-те келіп түскен.
Аумағы 200 шаршы метрді құрайтын ағаштан жасалған Иса Байзақов көшесінде орналасқан ғимарат толық отқа оранды. Қызыл жалынмен үш өрт сөндіру көлігі күресті. От 1 сағат шамасында ауыздықталды.
Өрт сақшыларының алдын ала болжамы бойынша, бұл арада қасақана өрт қою фактісі орын алған.