Нұр-Сұлтан
Қазір
2
Ертең
6
USD
444
-0.87
EUR
476
-0.84
RUB
4.82
0.00

Павлодарда екі такси жүргізушісін азаптап өлтіріп кеткен

Бірнеше күн бұрын іс-түссіз жоғалып, кейін өлтірілген болып шыққан таксиші Вахид Пиралиевтің артында жұбайы мен қыздары қалды. Көлік жүргізушісі үстіміздегі жылдың 20-шілдесінде жоғалып кеткен. Жұбайы Анар Пиралиева оны жұмыс орнынан іздеген. Алдымен машинасын, кейін мүрдесін тапқан.

«Жолдасымды Павлодарское ауылынан таптық. Іздестіру жұмыстарына әкем мен ағаларым атсалысты. Оның денесі орманның ішінде жатты. Вахид жақсы әке, жақсы адам болды. Біреулер көмек сұраса, көңілдерін қайтармайтын», – дейді Анар Пиралиева.

Вахид Пиралиев қылмыскердің теріс пиғылының құрбаны болған жалғыз адам емес. Бұған дейін 44 жасар Павлодар қаласының тұрғыны Ерболат Мұқашев те жоғалып кеткен. Оның да мүрдесі бірнеше пышақ жарақатымен орманның ішінен табылды.

Екі азаматтың туған-туысқандарының пайымдауынша, ауыр қылмыс жасауға бөтеннің мүлкін алу себеп болған. Өйткені, күдікті бұған дейін автокөліктерді айдап кетіп, қосалқы бөлшектерін тапсырып нәпақа тапқан. Бұл уақытқа дейін күдікті бір автокөлікті бұзуға тапсырып үлгерген.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз