Нұр-Сұлтан
Қазір
10
Ертең
10
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

Павлодарда 2 минутта құймақ пісіріп беретін робот құрастырылды

Назарбаев зияткерлік мектебі информатика және робот техникасы пәнінің ұстазы Қуаныш Мағауинның айтуынша, байқаудың тақырыптары жыл сайын ауысып отырады. Мысалы, былтыр “Жасыл энергия” аясында табиғатты қорғауға көмектесу мақсатында қалдықтарды сұрыптап, контейнерге жеткізетін роботтар жасалған. Биыл “Азық-түлік” тақырыбы таңдалып отыр. Себебі, халықаралық кезең өтетін Тайландта тамақтану өзекті мәселеге айналған.

Төменгі сатыда жемістер мен көкөністерді үш минутта сұрыптайтын, орташа санатта екі минуттың ішінде ауыл шаруашылығымен айналысатын роботтар әзірленсе, жоғары санатта теңізге шыққан корабльдер контейнерлерде тағамдарды үш минутта жеткізуі тиіс.

“Бүгінгі жарысқа 8-18 жас аралығындағы 200-ден астам оқушы келді, – дейді Қуаныш Мағауин. – Әсіресе, құймақ жасайтын робот пен топырақтың құнарлығын зерттейтін, көшеттерді отырғызып, суаратын роботтар ерекше көзге түсті”.

 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз