Нұр-Сұлтан
Қазір
4
Ертең
-2
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

Павлодарда 14 жасар баланы зорлаған педофил 21 жылға сотталды

Еске сала кетелік, биыл маусым айында павлодарлық ер азамат педофилиямен айналысты деген күдікпен ұсталған болатын. Ер адамның баланы үйдің кіреберісіне күштеп кіргізіп жатқаны видеобақылау камерасына түсіп қалған болатын. Кадрда баланың айғайлап, зорлықшыдан қашпақ болғаны бейнеленген.

Ал осыған дейін полицейлердің видеобақылау камерасындағы жазбаларды алып, скриншоттар арқылы күдіктінің бағыттамасын жасағаны хабарланған еді. Ер адам қалалық зираттың маңында ұсталған. Кейін оның жерлеу қызметі бюросында жұмыс істегені анықталды.

Павлодарлық баланы тұрғын үйдің кіреберісіне сүйреп кіргізгені, кейін шешініп тастап, балаға зорлық әрекеттерін жасағаны белгілі болды. Бұған дейін де ер адам түрлі қылмыс бойынша сотты болған.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз