Нұр-Сұлтан
Қазір
11
Ертең
8
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

Павлодар тұрғыны Қаржы министрлігінен 800 мың теңге өндіріп алды

Кейін тырманың жаңа иесі келіп, Жапаровтан техниканы қайтаруды ұйғарады. Тырма қайтарылмағаннан соң ол құқық қорғау органдарының көмегіне жүгінген. Полиция ҚР Қылмыстық кодексінің 389-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастап, Жапаровтан ешқайда кетпеу туралы қолхат алынған.

2015 жылдың сәуірінде Павлодар аудандық соты Жапаровты айыпсыз деп танып, зиянды өтеуге құқылы екенін айтқан. Осы жылдың жазында Жапаров 250 мың теңгеге адвокат жалдап, моральдың нұқсан келтіргені үшін ҚР Қаржы министрлігінен сот арқылы 9,5 миллион теңге талап еткен.

– Успен аудандық соты Жапаровтың өтінішін жартылай қанағаттандырып, ҚР Қаржы министрлігінің қазынансынан моральдық нұқсан келтіргені үшін 500 мың теңге мен материалды нұқсан үшін 302 120 теңге өндіру туралы шешім қабылдады, – деді агенттікке берген сұхбатында ақпаратпен қамтамасыз ету бөлімінің басшысы Жанар Жұматаева.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз