Нұр-Сұлтан
Қазір
-3
Ертең
-2
USD
521
0.00
EUR
610
0.00
RUB
6.68
0.00

Павлодар облысында карантин күшейтілді

Ашық көздерден алынған сурет

Ашық ауадағы мекемелерді қоспағанда, қоғамдық тамақтану объектілері (мейрамханалар, дәмханалар, асханалар, барлар) әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып және бір үстелге ең көбі 4-6 адамнан  отырғызып, ғимарат ішінде 30  орынмен жұмыс істей алады, деп хабарлайды Zakon.kz. Ұжымдық, салтанатты, отбасылық және басқа да бұқаралық іс-шараларды өткізуге шектеу қойылады,  жұмыс істеу режимі: сағат 8-ден 20-ға дейін.

Сауда орталықтары (ойын-сауық сауда орталықтарын, фудкорттарды, кинотеатрларды қоспағанда), сауда үйлері (бутиктер), сауда желілері күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып жұмыс істей алады,  келушілердің саны 20%-дан аспауы керек.

Бас санитарлық дәрігердің қаулысының талаптарына сәйкес, азық-түлік дүкендері 22 сағатқа дейін жұмыс істей алады. Азық-түлік емес дүкендеріне келушілер  20% – дан артық болмауы керек, 18 сағатқа дейін жұмыс істеуге рұқсат. Азық-түлік және азық-түлік емес нарықтардың қызметі қажетті талаптарды сақтай отырып, 18 сағатқа дейін шектеледі.

СПА-орталығы, массаж қызметі, сұлулық салоны, шаштараз, косметологиялық объектілерге алдын ала жазылу бойынша, 1 келушіге 4 ш.м. есебінен, 20 сағатқа дейін жұмыс істеуге рұқсат етіледі.

Моншалар мен сауналардың жұмысына қажетті талаптарды сақтай отырып, сағат 8-ден 20-ға дейін рұқсат.

Фитнес-орталықтар, тренажер залдары, Спорттық-сауықтыру орталықтары да алдын ала жазылу бойынша сағат 8-ден 20-ға дейін жұмыс істей алады, толымдылығы 30%-дан аспауы қажет.

Сонымен қатар, жексенбіде қоғамдық көлік қозғалысы тоқтатылады.

Қаулы 2020 жылғы 18 қазан сағат 00:00-ден бастап күшіне енеді.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2025 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз