Олимпиадаға қатысқан ұлттық құраманың үш спортшысы мен екі бапкері елге дерт жұқтырып келген. Ақпаратты туризм және спорт министрлігі растап отыр. Спортшылардың Ақордадағы марапаттау рәсімі де сол сырқатқа байланысты кейінге шегерілген. Париж төрінде өнер көрсеткен спортшылар елге оралған болатын. Қанжығаны 7 медаль — 1 алтын, 3 күміс, 3 қоламен толтырды. Бірақ жүлдемен қоса індетті де ала келіпті. Министрлік нақты қай спортшының коронавирус жұқтырғанын ашып айтпадыү
«Жеңіл формада өтуде. Қазір олар ем-дом қабылдауда. Оқшауланды. Қалған спортшыларымыз, яғни Ұлттық құрама дін аман. Сол себепті қазір каранавирустың бірнеше түрі бар. Сол бір түрімен жұқтырып алды. Өйткені Парижде 40-тан астам спортшы қазақстандық емес, басқа да Ұлттық құрамалар коронавирустың жеңіл түрімен ауырып жатыр», – деді ҚР Туризм және спорт министрінің қоғаммен байланыс және БАҚ жөніндегі кеңесшісі Диас Ахметшәріп.
Дүнижүзілік денсаулық сақтау ұйымы да КОВИД-19-дың біраз елде тарап жатқанын мәлімдеді. Соңғы айда әлемнің 84 мемлекетінде науқас саны көбейген. Мәселен, Париждегі Олимпиада ойындары басталмай жатып австралиялық екі спортшының ауру жұқтырғаны белгілі болды. Ал Қазақстандағы эпидахуал тұрақты дейді мамандар. Жыл басынан бері елімізде 1200 жағдай тіркеліпті. Бұл өткен жылмен салыстырғанда сегіз есе аз.