Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері Нариман Құрбанов спорттық гимнастикадан Парижде (Франция) өткен «Challenge Cup» кезеңінде алтын медаль иеленді. Ол ат снарядындағы жаттығудың финалында 15,066 ұпай жинап, жеңіске жетті.
Екінші орынды армениялық Гамлет Манукян иеленді – 14,800. Үшінші орынға италиялық Габриэле Таргетта тұрақтады – 14,733. Зейнолла Ыдырысов төртінші орынға табан тіреді – 14,633.