Нұр-Сұлтан
Қазір
3
Ертең
3
USD
450
-0.49
EUR
487
-1.57
RUB
4.86
0.00

Паралимпиадада Қазақстан құрамасының қоржыны күміс медальмен толықты

Бұл салмақта әлем рекордын орнатқан қытайлық Тан Юяо (135 келі) Паралимпиада чемпионы атанса, «қола» мысырлық Махмұд Амалға (108 келі) бұйырды.

Естеріңізге сала кетейік, Риодағы Паралимпиаданың алғашқы алтын медалін отандасымыз Зүлфия Габидуллина жеңіп алды. Ол 100 метрлік еркін жүзуден әлем рекордын жаңартты.

Жалпымедалдық есеп бойынша еліміз қазір 38-орында келеді.

Қойшыбаева Раушанның туған жері – Қызылорда қаласы. Пауэрлифтингпен 2010 жылдан бастап шұғылданады. Аз уақытта көп нәтижеге қол жеткізген спортшы. 2012 жылы спорт шебері атанды. 2013 жылы халықаралық дәрежедегі спорт шебері атағын иеленген.

2014 жылы әлем чемпионатында және Пара Азия ойындарында алдыңғы лектен көрінді. 2003 жылы шаңырақ көтерген. Үш баланың анасы. Қазіргі кезде Алматы облысындағы Шонжы елдімекенінде тұрады.

Қазақстанның бірнеше дүркін чемпионы әрі рекордшысы.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз