Нұр-Сұлтан
Қазір
1
Ертең
-1
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

Пара бергенше айыппұл төлеген әлдеқайда арзан – адвокат

111

Мұндай кеңесімен ол Facebook-тегі жеке парақшасында бөлісті. Оның пікірінше,

жол ережесін бұзып, жол сақшысы тоқтатса, онда бірден өз айыбыңызды мойындай кету керек. Өйткені тәртіпті бұзғанды мойындау бойынша толтырылған акті айыппұлды төлеуде оның көлемін 50 процентке қысқартады екен.

«Қазақстанда 2015 жылдан бастап жол ережелерін бірнеше мәрте бұзғаны, яғни 1 жыл ішінде жол қауіпсіздігінің үш рет бұзғаны үшін жүргізуші куәлігінен айыру тәртібі алынып тасталды. Бізде бірнеше мәрте жол тәртібін бұзғанға қатаң жаза жоқ. Осыны көбісі білмейді.

Айыппұл көлемі Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің бір бабы бойынша ереже бірнеше мәрте бұзылған жағдайларда ғана ұлғаяды. Осыны дұрыс ұғып алыңыздар. Егер сізге жол белгісі бойынша тоқтағаны үшін айыппұл салса, онда айппұл көлемі тек белгіленбеген орынға тоқтағаны үшін ғана көтеріледі. Ал қауіпсіздік белбеуі немесе фар үшін айыппұл өспейді.

Сондықтан да пара беріп барлығын сол жерде жеңіл шешіп аламын деп ұмтылмаңыз және ресми түрде айыппұлды рәсімдеуден қорықпаңыз. Сіз жол тәртібін қайталап бұзған кезде де жүргізуші куәлігінен айырылмайсыз, айыппұл көлемі де өспейді, егер сіз дәл сол жол тәртібін бұзбасаңыз», – дейді Джоһар Өтебеков.

Ол тәртіп бұзғанын мойындау түбіртегі бар болса, онда айыппұлдың 50% ғана төленетінін баса атап өтті.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз