Сәуір айының басында планетадағы миллиардерлердің жалпы байлығы 8 трлн долларды құрады.
Миллиардерлердің қатары да артты. Егер 7 сәуірде әлемде 2 058 ауқатты адам болса, тамыз айына қарай 2 189-ға жетті.
Сарапшылар дағдарыс кезеңіндегі ең бай адамдардың әл-ауқатының өсуін қор нарығының «V-тәрізді» секірісіне байланыстырады.
Технологияға, индустрияға және денсаулық сақтауға инвестиция салған миллиардерлердің байлығы арта түссе, қаржыгерлер мен жылжымайтын мүлік инвесторларының тапқан табысы шамалы болды.