Нұр-Сұлтан
Қазір
15
Ертең
15
USD
482
0.00
EUR
532
0.00
RUB
5.07
0.00

“Пәленің бәрі содан!”. Менингиттің таралуына Алматыдағы зертхананың қатысы бар ма?

Біртанов орталық референс-зертхана Қазақ зоонетикалық аурулар институтының базасында жұмыс істейтінін айтты. Аталған ғылыми орталықтың ашылғанына біраз болған, онда осы уақыт бойы Қазақстан аумағында таралған аса қауіпті инфекциялардың штаммдары сақталған.

https://kaz.365info.kz/elzhan-birtanov-meningitten-koz-zhymgan-ysh-adamnyn-oraza-ystaganyn-ajtty-318108

“Шынымен де, америкалық әріптестердің көмегімен қауіпсіздігі жоғары заманауи зертхана салынды. Енді сол штаммдар қауіпсіз жерде сақталады.

Менингит штаммына қатысты айтар болсам, бұл халық арасында күнделікті айналып жүретін штаммдар.

Олар зертханада сақталуы тиіс аса қауіпті инфекция санатына жатпайды. Аталған референс-зертханада вирус таралатындай төтенше жағдай болған жоқ”, — деді Біртанов Астанада өткен баспасөз мәслихатында.

Айта кетсек, Алматыдағы орталық референс-зертханада оба, Сібір жарасы, бруцеллез секілді аса қауіпті жұқпалы аурулар, соңғы жылдары шет мемлекеттерде пайда болған Зико, Мерс және Эбола сынды вирустар да зерттеледі. Аса қауіпті патогендер зертханада барлық халықаралық және отандық стандартпен сақталады.

https://kaz.365info.kz/karantin-zhariyalaudyn-khazheti-zhokh-vaktsinatsiya-da-kerek-emes-ministr-318097

Жыл басынан бері республикада 58 адам менингитпен тіркелді, оның арасында 18 науқас – 14 жасқа дейінгі балалар. Аталған аурудан 12 адам көз жұмды, олардың ішінде бесеуі – 14 жасқа дейінгі балалар.

https://kaz.365info.kz/dimashym-aj-meningitten-koz-zhymgan-balakhajdyn-anasy-ashhy-shyndykhty-ajtty-318013

Өңірлер арасында менингит жұқтырғандар саны ең көп Алматыда тіркелген – 32 адам,

Ақмола облысында – 2,

Ақтөбе – 3,

Алматы облысында – 4,

ШҚО – 4, Жамбыл, Қарағанды, Қызылорда облыстарында – 1,

Павлодар – 2,

ОҚО  мен Астанада – 4.

 

 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз