Өзін өзі атып өлтірген Өмірбек Жампозовтың ұлы прокурордың ішінен тепкен. Тіпті, әкесінің өлі денесін көрген Асылжан Жампозов құзырлы орган өкіліне “өлтіремін” деп сес көрсеткенін бүгін Ішкі істер министрлігі мәлімдеді.
Бұл туралы 31 арна хабарлады.
Естеріңізде болса, Асылжан Жампозов аудан прокурорына қол көтерді деп айыпталған еді. Ал, өзіне құқықорғаушылар тарапынан қысым көрсетілгенін айтқан жәбірленуші қайғылы оқиға болған күні қан-жоса боп жатқан әкесінің мәйітіне ұмтылған екен. Бірақ құқық қорғау органдарының қызметкерлері оны жібермей, ұстап қалған. “Сол кезде полицей мен прокурорларға қарсылық танытқан болармын?! Осы әрекетім үшін қылмыстық іс қозғалуы мүмкін” деген еді. Ал, прокурорды тепкенін мәлімдеген ішкі істер министрлігі қазір Жампозовқа ешқандай айып тағылмағанын айтады. Тек, сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.