Нұр-Сұлтан
Қазір
4
Ертең
4
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

„Өзімді сатқан адамға ешқашан сенбеймін!„ Елбасы Мұхтар Әбілязовқа қатысты пікірін білдірді

Сондай-ақ, президент сенім артқан шенеуніктердің жемқорлықпен ұсталғанына қиналатынын да жасырған жоқ.

“Өсіріп, үйретіп, сенім артқан мамандарың кейін быт-шыт болып жемқорлықпен ұсталғанда, қиналасың.

Мен біреуді орнынан алып тастау үшін тағайындамаймын ғой. Ол еңбек етіп, халыққа қызмет етеді деп үміттенемін.

Қазір үкіметте 70-жылдары туылған, тепсе, темір үзетін жігіттер отыр”, – деді мемлекет басшысы.

Сонымен қатар, елбасы білімді шенеуніктердің барлығына бірдей мүмкіндік бергенін айтып, Мұхтар Әбілязовқа қатысты да өз ойын айтты.

“Әбілязовты да жас кезінде министр етіп қойдым. Сенімнен шықпады.

Мен бір сатқан адамға қайтадан сенбеймін.

Ондай адам тағы да сатады”, – деді президент.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз