Өзбекстанның Пайарық ауданының тұрғындары аймақта есектер тағы да жоғала бастағанын айтты. Сол себепті олар шұжықтан бас тартқан, деп жазады turkystan.kz centralasian.org сайтына сілтеме жасап.
Есек ұрланып жатқанын естіген аудан халқы шұжықтан бас тарта бастады. «Біздің махалланың тұрғындары шұжық жемейтін болды, өйткені есектің етінен жасалған болуы мүмкін деп қауіптенеді», — дейді жергілікті тұрғындар.
Пайарық аудандық ішкі істер басқармасының хабарлауынша, жергілікті тұрғындардың ешқайсысы есек жоғалғаны туралы арызданбаған. «Біздің ауданда есек сатылмайды. Арызданбағанының бір себебі сол болса керек», — деді басқарма өкілі.
2016 жылы желтоқсанда Самарқанда есек бизнесімен шұғылданған бір топ адам жазаланды.