Нұр-Сұлтан
Қазір
24
Ертең
20
USD
468
-2.37
EUR
540
-2.64
RUB
5.73
-0.05

Өзбекстанның өз мессенджері болады

Қазір бұл мессенджер альфа-сынақтан өтіп жатыр, ол арқылы хабарлама жолдап, телефон соғуға болады, деп хабарлады жергілікті ақпарат құралдары.

«Ол әзірге жаппай қолданысқа шыққан жоқ. Екі айдың көлемінде бета-сынақ деңгейіне өтеміз. Келесі жылы оны ресми түрде көпшілікке таныстырамыз», – деді «Өзбектелеком» компаниясы филиалының директоры Марат Фаттахов.

Болашақта, шамамен бір жылдан соң қосымшаны смарт-телевизорлармен және бақылау камераларымен байланысқа шыға алатындай етіп жетілдіріледі. Компания бір уақытта 1 млн қолданушыға қызмет көрсетуге әзір.

Бұған дейін республикада әлеуметтік желілердің «Одноклассники» және Facebook аналогтары жасалған, бірақ олар өзбекстандықтар арасында аса танымал бола қойған жоқ.

turkystan.kz

Серіктестер жаңалықтары
Көп қаралған
© «365 Info», 2014–2026 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз