Нұр-Сұлтан
Қазір
17
Ертең
2
USD
446
-0.83
EUR
475
-0.80
RUB
4.78
-0.01

Өзбекстан Қазақстаннан ақша аударымдарының жартысына жуығын алады

Фото: kapital.kz/Руслан Пряников

Ұлттық банктің мәліметі бойынша, 2021 жылдың шілдесінде ААЖ арқылы 92,1 млрд теңге шетелге жіберілген. Бұл – тарихтағы төртінші жоғары нәтиже. Бір ай ішінде ең көп қаражат тек 2020 жылдың маусым және қыркүйек айларында (92,8 млрд және 93,3 млрд теңге), сондай-ақ 2021 жылдың маусым айында (103 млрд теңге) жөнелтілген.

Яғни, маусыммен салыстырғанда аударымдар көлемі 10,6%-ға немесе 10,9 млрд теңгеге төмендеді. Алайда, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 39,3% немесе 26 млрд теңгеге артқаны байқалады.

2021 жылдың 7 айы ішінде шетелге 544 млрд теңге кетті. Салыстырайық: 2020 жылғы қаңтар-шілдеде көрсеткіш 380,7 млрд теңгені, 2019 жылы – 344,7 млрд теңгені құрады. Яғни жөнелтімдер көлемі 43%-ға өсті.

Аударымдардың 40%-ы Өзбекстанға жөнелтіледі

Бір қызығы, Өзбекстанға аударымдардың күрт өсуі. Шілде айында бұл бағытқа 37,3 млрд теңге жіберілген. Бұл жаңа рекорд: бұрындары бір ай ішінде бір елге осыншама көп қаражат кеткен жағдай бір де бір рет болмаған. Бұрынғы рекорд та Өзбекстанға тиесілі – маусым айында оған 35,9 млрд теңге жіберілген.

Айта кетейік, бұл көршінің үлесіне барлық шетелдік аударымдардың 40%-ы тиесілі. Жалпы, 7 айдың қорытындысы бойынша Өзбекстанға 151,3 млрд теңге кеткен – бұл барлық 2020 жылы аударылған ақша көлеміне (153,9 млрд теңге) тең.

Басқа елдерге аудармалар көлемі маусыммен салыстырғанда төмендеді:

  • Ресейге– 17,1 миллиардтан 15 миллиардқа дейін
  • Түркияға –18,5 млрд-тан 12,4 млрд-қа дейін
  • Қырғызстанға – 15 млрд теңгеден 11,7 млрд теңгеге дейін.

Елімізге аударымдар азаюы жалғасуда

Шетелден алынған аударымдардың көлемі дәстүрлі түрде әлдеқайда төмен. Шілде айында ААЖ арқылы Қазақстанға 23,9 млрд теңге келді. Бұл маусымдағы деңгейден де (-1 млрд теңге немесе -4%) және 2020 жылғы маусым көрсеткіштерінен де (-1,7 млрд теңге немесе – 6,8%) төмен.

2021 жылы Қазақстанға барлығы 161,7 млрд теңге келді. Бұл 2020 жылға қарағанда біршама көп (153,3 млрд теңге), бірақ 2019 жылғы көрсеткіштен (202,5 млрд теңге) айтарлықтай аз. Осылайша, 7 ай ішінде шетелге Қазақстанға ауыстырылғаннан 382,4 млрд теңгеге артық кетті.

АҚШ рөлі артып келеді

2021 жылғы трендтердің бірі – АҚШ-тан ақша аударымдарының өсуі. Шілде айында ААЖ арқылы жіберілген қаражат көлемі 3 млрд теңгені құрады (кем дегенде 2017 жылдың басынан бастапқы ең жоғары нәтиже). Бұл алынған аударымдардың жалпы көлемінің 12,6%-ын құрайды.

Жыл басынан бері Америкадан Қазақстанға 18,1 млрд теңге (2020 жылға қарағанда +56,7%) келді, бұл осы уақыт ішіндегі жалпы көлемнің 11,2%-ын құрайды. 2020 жылдың қаңтар-шілдесінде АҚШ-тың үлесі 7,5%-ды құрады.

АҚШ-тан басқа, аударымдардың айтарлықтай өсуі тек бір елден, қайтадан Өзбекстаннан байқалады. 7 ай ішінде ол жақтан 25,8 млрд теңге келді (шілдеде – 3,2 млрд теңге), бұл бір жыл бұрынғыға қарағанда 68,3%-ға артық.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз