Нұр-Сұлтан
Қазір
-27
Ертең
-10
USD
511
-4.57
EUR
540
-4.99
RUB
5.15
-0.02

Өзбекстан атом станциясын салып, қандай артықшылықтарға ие болады?

566
digital.report

Жақын арада Орталық Азияда өз атом электр станциясы пайда болады. Құрылыс құжаттарына қол қойылды, процесс басталды. Аяқталғаннан кейін аумағында АЭС-ы бар Өзбекстан өзінің ұлттық экономикасын дамытуға қосымша ынталандыру алады.

Республикадағы алғашқы атом станциясы белоруссиялық АЭС-пен бірдей жоба бойынша салынатын болады. Құрылыс жүргізу келісімшартын “Росатом” орындайды, онымен шартқа 2018 жылғы 30 мамырда қол қойылды. Құжатқа сәйкес 2028 жылға қарай әрқайсысы 1200 МВт қуаттылығымен екі энергоблок салынады.

АЭС құрылысының құны әр түрлі бағалаулар бойынша 11 млрд долларды құрауы мүмкін

Мақсатқа сай және тиімді

Республикада АЭС салудың тиімділігі бойынша ұзақ мерзімді пікірталастар атом энергетикасын жақтаушылардың пайдасына шешілді. “Атомдық идея” оппоненттері лайықты контраргументтерді ұсына алмады.

Ал атом станциясы республикаға бұрыннан қажет болған

Көп жағдайда бұл бірқатар факторларға байланысты, соның ішінде:

• халық санының өсуіне;
• өнеркәсіптің дамуына;
• ірі ауқымда электр энергиясын талап ететін серпінді жобаларды іске асыруға;
• республиканың инвестициялық тартымдылығын арттыруға.

АЭС пайдасына басқа да дәлелдер бар. Мысалы, республика көмір мен табиғи газ жағу арқылы бүкіл электр энергиясының 80%-дан астамын алады. Алайда, АЭС пайдалануға берілгеннен кейін

босаған көмірсутегі көлемін Ташкент Қытай мен Ауғанстанға тиімді сата алады

Алайда, Өзбекстан көршілес елдермен электр энергия тұрғысынан да сауда жасай алады. Қазақстанның оңтүстік облыстары мен Ауғанстанның шекара маңындағы облыстары үнемі оның жетіспеушілігін сезінеді. Бұл жағдайда Ташкент өз бюджетіне пайда әкеле алады.

Ішкі мәселелерге қатысты айтар болсақ, АЭС енгізілгеннен кейін медицина, ауыл шаруашылығы, құрылыс, өндіріс және басқа салалар даму үшін қосымша мүмкіндіктер алады.

Кадр мәселесі

АЭС салу және оны кейін пайдалану Өзбекстанға көптеген азаматтарды жұмысқа орналастыруға көмектеседі. Мәселен, тек объектінің құрылысына 10 мыңнан астам маман қажет, ал АЭС-ты пайдалану үшін шамамен 1,5 мың адам қажет.

Осыған байланысты Ресеймен келісімге қол жеткізілді — өзбек мамандарын “Росатом” академиясында дайындайтын болады. Сонымен қатар, Ташкент пен Мәскеу Өзбекстанда “МИФИ” Ұлттық ядролық зерттеу университетінің филиалын (“Росатом” мемлекеттік корпорациясына қарасты) ашуға келісті. Бүгінде Өзбекстаннан келген 58 студент білім алуда.

“Атомдық” жоспарды іске асыру

Ташкент 2029 жылға дейінгі кезеңде атом энергетикасын дамыту тұжырымдамасын жасау жұмысына кірісті. Осы үшін 2018 жылы 19 шілдеде “Узатом” атом энергетикасын дамыту жөніндегі ұлттық агенттік құрылды. Оның негізгі мақсаттары мен міндеттері:

• нормативтік-құқықтық актілерді әзірлеуді қоса алғанда, атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану саласындағы мемлекеттік саясаттың басым бағыттары бойынша ұсыныстар дайындау;
• атом энергетикасын дамытудың мемлекеттік бағдарламаларын әзірлеу және іске асыру, инвестициялар тарту;
• өнеркәсіптік және экологиялық қауіпсіздіктің халықаралық талаптарына сәйкес келетін қазіргі заманғы технологиялар мен жабдықтарды енгізе отырып, атом энергетикасы объектілерін жобалау, салу және пайдалану бойынша келісімдер мен шарттар жасасу.

Қызметті құқықтық қамтамасыз ету мақсатында 2019 жылғы 7 наурызда Өзбекстан тарихындағы тұңғыш атом энергиясы туралы заң қабылданды. Осылайша, Ташкент ұлттық экономиканы дамытуға қажетті “атом жоспарын” практикалық іске асыруды бастайды.

Орталық Азия республикаларының арасында Қазақстан Өзбекстанға лайықты бәсекелес бола алуы мүмкін, оның да АЭС салу жоспары бар. Ал Қырғызстан, Тәжікстан және Түрікменстан шектеулі ресурстарға байланысты мұндай жобаларды қарастыра да алмайды.

Біздің елімізде АЭС салу мәселесі бүгінде ашық күйінде қалып отыр. Неліктен? Келесі материалда оқыңыз.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз