Орталық Азияға ұмтылған Қытай алдына қандай мақсаттар қойып отыр? Осы аймақтағы мүдделерін әлемдік державалардың бірегейі АҚШ-пен бәсекеге түскен Шығыс Айдаһары атанған Қытай қалай қорғамақ? Осы мәселелер төңірегіндегі мәселелер бойынша көкейге түйген ойларын Санкт-Петербург мемлекеттік университеті америкалық зерттеулер кафедрасының доценті Николай Федоров ортаға салды.
Сарапшының айтуынша,
мұндай әрекет Өзбекстан көптен бері ұстанып келе жатқан көпвекторлық саясатпен ұштасады.
Осы орайда, Федоров Орталық Азия аймағында Қытайдың да, АҚШ-тың да діттеген, алдына қойған мақсат-мүдделері бар екенін алға тартады.
https://kaz.365info.kz/nazarbaevkha-beripti-goj-mirziyaev-ayakh-astynan-akhsh-kha-bargaly-zhatyr-315025
«Қытай үшін Орталық Азия елдерімен екіжақты байланыстар ғана емес, сондай-ақ стратегиялық және экономикалық ынтымақтастық маңызды.
Өзбекстан және бүкіл осы аймақ – Қытай мен Ауғанстан арасындағы түрлі мақсат-мүдделер тоғысқан аймақ, сондай-ақ ол Еуропа елдерінің нарығына шығуға мүмкіндік беретін дәліз.
АҚШ-тың мақсаты бөлек – Ресей мен Қытайдың Орталық Азияға, оның ішінде Өзбекстанға ықпалын әлсірету, азайту.
Бұдан бөлек, Вашингтонды энергетикалық жобалар және Ауғанстандағы өзінің жоспарларын жүзеге асыру толғандырады», — дейді аймақтағы ахуалға баға берген сарапшы.
https://kaz.365info.kz/shamasy-zhetedi-mirziyaev-ortalykh-aziyanyn-koshbasshysy-bola-ma-313472
Осы орайда, дейді сөзін сабақтаған ол, Ташкент түрлі елдермен – Ресеймен, Қытаймен және Америка Құрама Штаттарымен ынтымақтасуға алған бағытын жалғастыра бермек.
Сөйтіп, дейді Федоров,
Өзбекстан Қытай тарапынан жасалуы мүмкін қысымнан құтылып, өзінің тәуелсіз саясатын жалғастырмақ.