Нұр-Сұлтан
Қазір
-2
Ертең
-14
USD
495
-0.33
EUR
521
-1.69
RUB
4.91
-0.03

Өзбек кәсіпкерлеріне ғимараттарын тезек жағып жылытуды ұсынды — БАҚ-қа шолу

122
Сурет: primeminister.kz

Ташкентте шағын және орта бизнес табиғи газ беруден ажыратылды.

— Олар бұйрық жоғарыдан келгенін, акт жасап, газ құбырын пломбалағанын айтты. Пандемия кезінде онсыз да қиын жағдайда едік, — дейді кәсіпкерлердің бірі.

Сергелий ауданы әкімшілігінің өкілі әлеуметтік нысандарға үздіксіз газ беру үшін шағын және орта кәсіпкерлерге, сондай-ақ метан құю бекеттеріне газ беру шектелетінін айтты.

Сергелий ауданының газбен жабдықтау кәсіпорнының қызметкері былай деді:

табиғи газдан тек кәсіпкерлер ғана емес, сонымен қатар осы аймақтағы барлық басқа да әлеуметтік маңызы жоқ  нысандар өшірілді

Хорезм облысындағы әк өндіру кәсіпорнының басшысы газдың өшуіне байланысты 40-тан астам жұмысшыны ақы төленбейтін демалысқа жіберуге мәжбүр болғанын айтты.

Шағымдардан кейін Өзбекстан Энергетика министрлігі газбен жабдықтау инфрақұрылымы қазіргі көлемге төтеп бере алмауда және алдағы уақытта жаңғыртылады деген мәлімдеме жасады.

— Осыған байланысты табиғи газдың таралуын теңестіру үшін арнайы уақытша шаралар қабылдануда, бұл үйлерді, пәтерлерді, мектептерді, мектепке дейінгі балалар мекемелерін, ауруханаларды табиғи газбен тұрақты қамтамасыз етуге мүмкіндік береді, – делінген хабарламада.

Отын немесе тезек жағыңдар

Мәлімдемеде

қолданыстағы бағдарлама бойынша отынның баламалы түрлеріне  – сұйытылған газ, көмір және басқалар кезең-кезеңімен көшу керек делінген

– Осы күндері табиғи газдан ажыратылған барлық кәсіпкерге тек табиғи газға тәуелді болмай, отынның балама түрлеріне – сұйытылған газға, көмірге және отынға көшуді бастау туралы алдын-ала ескертілді, – дейді аудандық әкімшілік қызметкері.

Uzmetronom интернет-басылымы Өзбекстанда бірқатар аймақтағы мектепке дейінгі мекемелердің қызметкерлері

қазірдің өзінде көмір шаңынан тезек жасауға көшкенін хабарлады

Басылым сондай-ақ Түрікменстаннан 3 миллиард текше метр газ импорттау туралы уәделер орындалмағанын да жазды.

Ресми хабарламаларда соңғы жылдары республикада ішкі газ тұтыну 1,3 есе өсіп, жыл сайын шамамен 50 млрд текше метрді құрайтыны айтылған. Алайда, елдің табиғи газға деген ішкі қажеттілігінің көлеміне қатысты нақты сандар хабарланған жоқ.

Соңғы 15 жылдан астам уақыт ішінде Өзбекстанда, әсіресе қыста, энергияға деген сұраныс артқан кезде табиғи газдың жетіспеушілігі байқалады. Жүздеген шалғай ауылдардың тұрғындары  жылдар бойы газсыз өмір сүруге мәжбүр.

2019 жылы Өзбекстанның кейбір аймақтарында газ құю бекеттерінде және халықты қамтамасыз етуде проблемалар туындады. Нәтижесінде адамдар наразылық білдіріп, жолдарды жауып тастады.

Делдалдар ақша берсең, Green Card ұтып алуға көмектесеміз дейді

АҚШ Мемлекеттік департаменті 2022 жылға арналған Green Card лотереясын тіркеудің басталғанын жариялағаннан кейін,

Өзбекстанда сауалнаманы толтыру бойынша қызмет көрсететін делдалдардың саны артты

Бұл туралы «Озодлик» хабарлайды»,

Мемлекеттік департамент сауалнамаларды толтыру тегін екенін ескертті. Бірақ көшеде лотереяны ақылы түрде толтыруды ұсынатын адамдардың қатары артты.

Өзбекстанның базарларында сапалы ет жоғалып кетті. Қазақстанның қандай қатысы бар?

Кейбіреулер  әлеуметтік желілерден лотерея қатысушыларын іздеуде. Самарқандта туристік агенттіктердің атын жамылған ондаған компания  Green Card қатысушыларына қызмет көрсетеді.

— Өзіңізбен бірге паспортыңызды және балаларыңыздың метрикасын ала келіңіз. Отбасына — 80 мың сом (шамамен 8 АҚШ доллары). Жолыңыз болса, жеңуіңіз мүмкін, — дейді осындай фирмалардың бірінің қызметкері.

Green Card лотереясына қатысатын құжаттарды тапсыруға көмек көрсететін кейбір делдалдар өтінімді толтырғаны үшін ақша алмайды. Бірақ жеңіске жеткен жағдайда олар ұтып алған лотереяның коды үшін бірнеше мың доллар сұрайды.

Алаяқтардың қолына түсіп қалмаңыз

Green Card-тың түрлі схемаларымен таныс Самарқандтың бір тұрғыны оның қалай жұмыс істейтінін түсіндірді:

— Олар ондаған адамның жеке мәліметтерін жинайды және жібереді, олардың біреуі, әрине, жеңе алады. Жеңімпаз лотереясы сауалнама иесіне 5-10 мың долларға сатылады, өйткені олардың коды бар.

АҚШ Мемлекеттік департаментінің өкілдері Green Card лотереясына ақысыз өтініш беруге болатындығын түсіндіреді, тіпті ағылшын тілін жетік білмейтіндер де оны ешбір көмексіз толтыра алады.

Алаяқтардың қолына түспеу үшін делдалдардан аулақ болып, өтінімді өз бетінше толтырған жөн

Лотереяны толтыру кезінде ресми алым алынбайды. Жеңімпаздар АҚШ елшілігіндегі сұхбат алдында консулдыққа 330 доллар төлейді. Лотереяға қатысушылардан кез келген басқа соманы талап ету алаяқтық болып саналады.

Жыл сайын бұл бағдарлама бүкіл әлем бойынша 10 млн-ға жуық адамды қамтиды. АҚШ мемлекеттік департаментінің мәліметі бойынша, 2018 жылы Өзбекстаннан 2,1 миллионнан астам адам Green Card лотереясына қатысып, 2019 жылы 5 319 адам Green Card ұтып алды.

Парақорлықтан шаршады

Ферғанада аудан басшысы ауруханадағы сыбайлас жемқорлықты әшкерелейтін бейне жарияланғаннан кейін дәрігерлерді жұмыстан шығаруды талап етті.

Бір күн бұрын әлеуметтік желілердің өзбек сегментінде

перзентхана қызметкерлері босанатын әйелдің бірінің туысынан алған сыйақы ақшаны  бөле алмай жатқаны түсірілген бейнежазба тарады

Видеода дәрігерлердің бірі әріптестеріне босанған әйелдің туыстары оған қарағанда әріптестеріне көбірек ақша бергенін айтып, шағымдануда.

– Олар маған тек 20 мың сум берді, ал қалғандарына 100-150 мың берді, – дейді дәрігер жазбада.

Журналистермен болған әңгіме барысында аудан тұрғындары аудандық перзентханада кеңінен таралған парақорлықтан шаршағанын мойындады.

– Дәрігерлерге 2 миллион сум (200 доллар) төлемесеңіз босанатын әйеліңізді осында жатқыза алмайсыз. Сондықтан жүкті әйелдер Қоқандтағы перзентханада босануға барады. Олар ақша сұрамайды. Фуркат ауданының перзентханасында акушерлер сіздің қалтаңызға жабысады. Ақша жоқ деп айтсаңыз, олар сіздің әйеліңізді қабылдамайды. Өткен жылы мұнда бір әйел қайтыс болды. Босанардың алдында ол дәрігерлерге ақшасы жоқ екенін айтқан. Ақша алмаған акушерлер оған босануға дайын емес екенін айтып, қараусыз қалдырған. Нәтижесінде жүкті әйел  көз жұмды.

Ең қызығы, бұл дәрігерлерді ешкім жұмыстан шығара алмайды,

– деді тұрғындардың бірі.

Бұған дейін Өзбекстан билігі елдің перзентханаларында сыбайлас жемқорлықтың кең таралғанын ресми түрде мойындаған. Үш жыл бұрын президент Шавкат Мирзиеев «ең үлкен сыбайлас жемқорлық перзентханаларда  тарағанын» мәлімдеді.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз