Нұр-Сұлтан
Қазір
-4
Ертең
-10
USD
495
-0.33
EUR
521
-1.69
RUB
4.91
-0.03

Өзбек дәрігерлері ақша жоқ екенін айтып шағымдануда, ал хокимдер халықтан кешірім сұрады — БАҚ-қа шолу

199

Ташкенттегі жедел медициналық жәрдем орталығы арнайы бригадасының дәрігерлері әлеуметтік желілерде ашық хат жариялады, деп хабарлайды Озодлик. Онда дәрігерлер билік «Covid-19-ке қарсы күресетін медицина қызметкерлеріне қатысты әділетсіздік танытуда» деп шағымданды.

— Жедел жәрдем қызметкерлерінің айтуынша, дәрігерлерге немқұрайлы қарау нәтижесінде астанада коронавирусты жұқтырған медицина қызметкерлерінің саны өсуде. Дәрігерлер

соңғы төрт айда бірде-бір рет ынталандыру төлемдерін алған жоқпыз,

ал жұқпалы КВИ медицина қызметкерлеріне ешқандай өтемақы төленбеді деп жазуда, —деп хабарлайды портал.

Орталық Азиядағы коронавирус: көршілеріміз қалай күресуде?

Арнайы бригада қызметкерлері пандемия жағдайында үш айдан астам уақыт жұмыс істегенде де ынталандыру төлемдерін алмағанын айтуда. Олар тіпті жалақыларының кешіктіріліп берілгенін жеткізді.

—Сондай-ақ, әр 14 күн сайын дәрігерлер коронавирусқа тест тапсыруы керек. Алайда төрт айда тек бір рет тест тапсырдық. Біз вирус жұқтырсақ та, білмей жұмыс істеп жүрген шығар. Ағзамызда тіпті вирусқа қарсы иммунитет қалыптасқан болар. Біз де басқа адамдар секілді, жұмыстан кейін өз отбасымызға ораламыз. Біз қай уақытқа дейін өз өмірімізге күмән мен қорқынышпен қарап өмір сүреміз?» – делінген ашық хатта.

Өтемақы төлейміз деп уәде берген, бірақ ешкім алған жоқ

Бірнеше күн бұрын коронавирус жұқтырған басқа медициналық мекеменің жас дәрігері әріптестерін қолдады.

– Егер осы төрт айда жұмыс істегендегі барлық тәуліктік кезекшілікті есептесек, Президент уәде еткен ынталандыру төлемдерін кем дегенде үш рет алуымыз керек еді. Сонымен қатар, Президенттің арнайы Жарлығымен дәрігерлер айлық лауазымдық жалақының 6% мөлшерінде күнделікті қосымша ақы алуға тиіс болатын. Алайда бұл ақшаны бізге тек екі ай төледі. Ал жұмыс кезінде коронавирусты жұқтырған дәрігерлерге 100 млн сум ($9 800) көлемінде өтемақы төлеуге уәде берді. Мен әлі де бір тиын алған жоқпын, –деді ол.

Оның есептеулері бойынша, коронавирустың пандемия кезеңінде төрт ай жұмыс істегені үшін үкімет оған 17,5 мың доллар төлеуге тиіс болатын. Бұл сомаға:

  • жұмыс барысында коронавирус жұқтырғарны үшін 100 млн сум өтемақы;
  • Пандемия кезеңінде 4 ай жұмыс істегені үшін 75 млн сум ынталандыру;
  • айлық лауазымдық жалақының 6%-ы мөлшерінде күн сайынғы қосымша ақы – 2 млн 200 мың сум (2 ай үшін);

Дәрігерлер заң бойынша заң бойынша тиесілі көмекті талап етуде

Дәрігер қазір өз жақындарының денсаулығына алаңдайтынын айтады.

–Мен өзім 8 шілдеде тест тапсырдым, ал жауабын тек 14-і күні ғана,  көптеген дау-дамайдан кейін алдым. Коронавирус анықталды. 15 шілдеде ауруханаға жаттым. Мен таныстарымның көмегімен отбасымның коронавирусқа тест тапсыруына қол жеткіздім. Содан бері алты күн өтті, бірақ тест нәтижелері әлі шыққан жоқ. Менің екі жасар қызым мен әйелім ауырып, үйде емделуде, –дейді дәрігер.

Оның айтуынша, соңғы екі айда ол әріптестерімен бірге түрлі жоғары инстанцияларға жүгініп, көмек сұраған.

– Біз прокуратураға, омбудсменге, президенттік порталға жаздық. Түрлі газеттерге жүгіндік. Бірақ  ешқандай нәтиже болмады. Біз Үкіметтен заң бойынша тиісті нәрсені талап етеміз.

Біз өз өмірімізге қауіп төндіре отырып, төрт ай жұмыс істедік

Дәрігерлерді барлық қорғаныс құралдарымен қамтамасыз ету керек. Дәрігерлер коронавирус инфекциясына тест тапсыруы қажет.  Әйтпесе, дәрігерлердің өздері ковид тасымалдаушысы болуы мүмкін, – деді ол.

Ташкенттегі жедел жәрдем орталығының өкілі анонимдік жағдайда басшылықтың хатта көрсетілген мәселелерді шешуге көмек көрсетуін өтініп, Денсаулық сақтау министрлігіне жүгінгенін айтты. Бірақ министрлік те ешқандай жауап бермеген.

Дәрігерлердің шағымдары бар ма?

Сонымен қатар, шілдеден бастап санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылық орталығының дәрігерлері, медбикелері мен қызметкерлерінен

вирус жұқтырған жағдайда олардың ешқандай шағым айтпайтыны туралы қолхат алған

Атап айтқанда, бұл туралы астаналық ауруханалардың бірінің медбикесі және астаналық санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылық орталығының қызметкері айтып берді.

– Бұл қолхаттарды тек СЭҚ қызметкерлері мен дәрігерлерінен алады. Олар осының бәрін тек медицина қызметкерлеріне өтемақы төлемеу үшін ұйымдастырды. Бірақ олар емес, біздің өмірімізге қауіп төніп тұр! – деп СЭҚ қызметкері наразылығын білдірді.

№1 қалалық клиникалық аурухананың пациенттерінің бірі (коронавирус жұқтырған) Facebook-те

осы қолхаттан  кейін  дәрігерлер мен медбикелердің көбі жұмысқа шығудан бас тартты,

деп жазды.

Енді барлық бөлімшеде бір дәрігер мен бір медбике ғана жұмыс істейді.

Кейбір пікір білдірушілер басқа ауруханаларда да, мысалы, Ташкент медициналық академиясында осындай жағдай орын алып отыр деп жазуда.

Бірақ бұл медициналық мекемелердің басшылығы қызметкерлердің сөзін жоққа шығарды.

Хокимдер кешірім сұрады

Ташкенттің барлық 11 ауданының хокимдері мен секторларының басшылары «Оилавий» телеарнасының тікелей эфирінде тұрғындарға үндеу жасп,

пандемияға дұрыс дайындалмағаны және коронавирус инфекциясымен күрестегі жұмыстарының әлсіздігі үшін кешірім сұрады,

деп хабарлайды Gazeta.uz.

Олардың айтуынша, қазір әрбір ауданда отбасылық емханалардан басқа жеке COVID-орталықтар құрылған. Дәрі-дәрмек пен азық-түлік өнімдерінің үш айлық қоры дайындалды.

— Біздің ауданның жеті отбасылық емханасы тәулік бойы жұмыс режиміне ауыстырылды. Олар дәрі-дәрмектердің және алғашқы қорғаныс құралдарының жеткілікті көлемімен қамтамасыз етілген. 23 шілдедегі жағдай бойынша мобильді бригадаларға 162 отбасы келді, – деп мәлімдеді  Мырза-Ұлықбек ауданының хокимі Шавкат Иргашев.

Үндеудің соңында әрбір хоким өздерінің жеке байланыс мәліметтерін және азаматтардың тәулік бойы жүгінуі үшін сектор басшыларының телефондарын ұсынды.

24 шілде күні таңертеңгі жағдай бойынша Өзбекстанда коронавирус жағдайларының жалпы саны 18 986-ға жетті. 10 149 сауығып шықты. Елде COVID-дан барлығы 19 адам қайтыс болды.

Сонымен қатар, Шавкат Мирзиеев елдегі карантинді ұзартты, деп хабарлайды Спутник. Өзбекстан.

Бейнеселекторлық кеңес кезінде ол «халық арасында вирустың таралу тізбегін бұзу» басты міндет екенін айтты.

Бұған дейін Республикалық арнайы комиссия карантинді ұзартуды ұсынды. Ал кеңесте Мирзиеев осы ұсыныспен келісті.

Ол сондай-ақ

коронавирусты ұстап тұру үшін хокимият басшылары мен қызметкерлеріне үлкен жауапкершілік жүктелетінін

атап өтті. Денсаулық сақтау және ішкі істер органдарының қызметкерлері, махалли белсенділері мен аға буын өкілдері де жауапты.

 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз