Теннис федерациясының президенті Болат Өтемұратов елімізде теннисті дамыту үшін 60 миллион доллардан астам жеке қаржысын жұмсаған.
Бұл туралы ол БАҚ өкілдеріне берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды ҚазАқпаратқа сілтеме жасаған NUR.KZ.
«Легионерлер де менің есебімнен қаржыландырылды. Осы жылдардың ішінде теннисті дамытуға 60 миллионнан астам доллар салдым. Соңғы 4 жылда 30 пайыз бюджет қаржысы да салынуда. Ал қалған 70 пайызы жеке инвестиция», – дейді Өтемұратов.