Нұр-Сұлтан
Қазір
9
Ертең
0
USD
445
-1.34
EUR
474
-1.25
RUB
4.76
-0.02

Отандық қорғаныс-өнеркәсібі кешенін дамыту мәселелері талқыланды

166

– Осыған байланысты заң жобасы әзірленген болатын. Ол Қорғаныс өнеркәсібі және мемлекеттік қорғаныс саласындағы мемлекеттік саясатты нақтылап жүйелейтін негізде жүргізуге мүмкіндік береді, – деді өз кезегінде Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бейбіт Атамқұлов.

Министр сонымен қатар, мемлекеттік саясаттың сондай-ақ, қорғаныс өнеркәсібі және мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс саласындағы мемлекеттік реттеудің негізгі міндеттерін бекіту қажеттігін атап өтті.

Бұл заңда сонымен қатар, қару-жарақ, әскери техника және қару-жарақ пен әскери техника айналымы деген ұғымдар айқындалған деп айтты.

– Әлеуетті ведомстволарды олардың өздеріне тән емес қызметтерден босату мақсатында министрлікке арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының пайдаланылмайтын әскери мүліктеріне және де мүлде пайдаланбайтын қару-жарақтары мен әскери техникаларына иелік ету бойынша құқықты беруді ұсынған болатынбыз.

Иелік ету құқығы көрсетілген мүлікті қорғаныс өнеркәсібі кешені ұйымдарына қару-жарақ пен әскери техникаларды жаңғыртуға, жаңа түрлерін әзірлеуге беруді ескереді. Ондай қажеттілік болмаған жағдайда, оны экспорттау және қорғаныс кешені өнеркәсібі ұйымдарында жөндеу мен жаңғырту, сондай-ақ қайта өңдеу немесе жою шартымен өткізуді қамтиды, – деді Атамқұлов.

Ал Нұрлан Ермекбаев бұл ретте еліміздің Қорғаныс министрлігі Қазақстандағы қорғаныс техникасын жасайтын кәсіпорындардың өнімдері мен қызметтеріне негізгі тапсырыс беруші болып табылатынын, және де әскери өнімдерді жеткізіп берудің сапасы мен уақыттылығына әскеріміздің жауынгерлік қабілеттілігі мен жалпы мемлекеттің қорғаныс қабілеттілігі тікелей байланысты екенін тілге тиек етті.

Отырыста алдағы хаттамалық тапсырмалардың орындалуы қорытындыланды.

Мұның ішінде келесі кезеңге бюджетті қалыптастыру мәселелерінде өзара іс-қимыл жасаудың өзекті мәселелерінің кең ауқымды тізбесі, отандық қорғаныс өнеркәсіпорындарының, оның ішінде, 2018 жылы ҚР ҚК-нің мұқтаждығы үшін қару-жарақ пен әскери техниканы жеткізуді жүзеге асыру кезінде жекелеген келісімшарттардың орындалуы жөніндегі ағымдағы ахуал қаралды.

Кеңес қорытындысы бойынша тараптар алдағы кезеңге тапсырмаларды айқындады.

ҚР Қорғаныс министрлігінің хабарлауынша, кеңес барысында сонымен қатар заманауи қару-жарақ пен әскери техниканың жоғары технологиялық өндірісін әрі қарай ретке келтіру мақсатында қару-жарақтың негізгі түрлеріне техникалық қызмет көрсету және жөндеу жүйесі бойынша тұжырымдамалық ұсыныстар егжей-тегжейлі пысықталды.

Тұздық:

Қазақстан Кеңес үкіметінен қалған әскери техниканы сатылымға шығармақ.

Бұл туралы Мәжілісте «Қорғаныс өнеркәсібі және мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс туралы» заң жобасын таныстырған Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бейбіт Атамқұлов айтқан еді.

Жаңа құжатта қазіргі таңда Қазақстанның Қарулы Күштері қолданбайтын әскери мүлікті Атамқұлов басқаратын министрліктің құзыретіне беру көзделуде.

 

Осылайша, ескі техника қайта жөнделіп, экспортқа шығарылмақ. Тіпті, қазірдің өзінде оларды сатып алуға көптеген халықаралық компаниялар  қызығушылық білдіруде екен.

Одан мемлекет қазынасына қосымша  28 млрд. теңге түседі.

Бұл  қаржы қорғаныс өнеркәсібін дамытуға үлкен қолдау болмақ.  Сондай-ақ, елімізде  қорғаныс тапсырысы операторлары институтынан бас тарту жоспарланып отыр.

2015 жылдан бері елімізде осы тәжірибе қолданылып келеді. Министрдің сөзінше, тауарлар мен қызметтердің қымбаттауына жол бермеу мақсатында тікелей келісімшарттар жасау көзделуде.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз