Нұр-Сұлтан
Қазір
-3
Ертең
-14
USD
495
-0.33
EUR
521
-1.69
RUB
4.91
-0.03

“Әнші емес…”. Кентал үйленгелі жатыр

278

“Құдағи” әнінің мәтініне қатысты сын-пікір ел ішінде аз айтылмады. Алайда мұндай теріс пікір әншінің шабытын одан сайын үдетеді екен.

“Хайптың бір түрі ғой. Арнайы пиар-тәсілі деп айта алмаймын. Ешқандай жоспарсыз шығарамын. Халыққа ұнағандықтан сынға түседі. Біздің халық өзіне ұнайтын нәрсені жамандағанды жақсы көреді ғой.

Тойға көп шығамыз. Сол жерде құдағиларды биге шақырғанда қажет ән деп білдім. Қазір барлық тойда құдағиларды міндетті түрде осы әнмен шақырады, билетеді. Күшті ғой” , – деді әнші.

2019 жылы Кенталдың “Құдағи” әні Кенжебулатовтардың әулетінде де шырқалатын болады. Себебі, әнші әрі актер жігіт алдағы жылы шаңырақ көтеріп, отағасы атануға ниетті.

“Талай жыл армандаған аруымды кездестірдім, Аллаға шүкір. 2019 жылы міндетті түрде үйленемін. Сіздерді де тойға шақырамын ғой. Болашақ қалыңдығым туралы әзірге бәрі құпия болсын”, – деп тақырыпты жеңіл жабуға тырысты ол.

Десе де, инабатты әрі қарапайым ғашығының өнерге еш қатысы жоқ екенін мойындады.

“Өнерге еш қатысы жоқ. Жалпы әнші қыздардан жақсы әйел шығады деп ойламаймын. Өнер мен өмірді қатар алып жүру қиын. Сосын олар отбасына емес, көбіне өнерге көңіл бөледі.

Ер адам қызғаншақ келеді. Жалпы, бір үйге бір әнші жетеді. Менің әйелім баламды бағып, отбасыма қарап, жағдайымызды жасауы қажет” , – деді Кентал.

Алайда әйел адамның жұмыс жасап, табыс табуына әртістің еш қарсылығы жоқ екен.

Айтпақшы, жуырда Кентал әріптесі Бүркіт продюсерлік еткен фильмде басты рөлді сомдаған еді.

«Актерлік шеберлігімді Бүркіт бұрыннан байқаған болар, әйтеуір кастингсіз шақырды. Ал, қалай ойнағанымды халық өзі көріп бағалар”, – деген актердің фильмдегі образы мен өмірдегі бейнесі мүлдем қайшы екен.

“Мен ондай инста-жұлдыз, еріндерін үрбейтіп, дүрбейтіп алған қыздарды жақсы көрмеймін. Әрине, олар да әдемі ғой. Бірақ, жасанды болмағаны жөн ғой” , – деп қорытындылады ол өз сөзін.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз