Нұр-Сұлтан
Қазір
8
Ертең
10
USD
444
-0.47
EUR
475
+0.97
RUB
4.8
+0.04

Осыған дейін қырық әкім келіп, қырық әкім кетпеді ме?

Ал біреу болыпты делік. Әкім. Одан сіздің өміріңізге келіп-кетер не бар? Кеткен әкіммен қандай қарым-қатынаста болсаңыз (яғни, ешқандай қарым-қатынасыңыз болмаса), келген әкіммен де сондай “байланыста” боларыңыз анық қой.

“Ойбай, үш күн болды, әкімсіз отырмыз” деп шуласты өткенде бір облыс орталығының фб-шниктері. Күнде жұмысын сол әкім істеп беріп, бала-шағасын сол әкім асырап отырғандай… Әкім тағайындалып еді, бәрі шулап ала жөнелді: “әкіміміз келді”, “бізге әкім боп Пәленше келді”, “енді біздің де әкіміміз бар”… Бұ не деген әкімқұмарлық? Не деген әкімжандылық? Что за акимозависимость?

Осыған дейін қырық әкім келіп, қырық әкім кетпеді ме? Не тындырып еді? Қазаққа не істеп қойып еді? Тіпті бірдеме істеймін деп тынбай тыртыңдаса да, Әлемге Әйгілі Әкімнен асып қайда барады? Соның тапсырмасын орындап қана отырмай ма онсыз да?


Кім әкім болып келсе де, сізді кеңесшілікке шақыра қоймас. Одан да бос сөз, құр ыржаңды қойып, жұмысыңызды істеңіз: бәрібір сіздің өзіңізден басқа сенеріңіз де, сүйенеріңіз де жоқ…

 

Сәкен Сыбанбай

Фейсбук парақшасынан

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз