Нұр-Сұлтан
Қазір
18
Ертең
16
USD
481
0.00
EUR
534
0.00
RUB
5.36
0.00

“Осы әділ ме?”. Тұңғышбай Жаманқұловқа қатысты сот үкімі шықты

Режиссер Талғад Жәнібеков те айыпты деп танылып, ол шартты түрде 7 жылға сотталды, ол да бес жылға басқарушы қызметтерді атқара алмайды. Судья оның бұлтартпау шарасын ешқайда кетпеу туралы қолхатпен босатуға ауыстырды.

“Қазақфильм” АҚ бұрынғы топ-менеджері Гауһар Ысқақова “Лауазымдық өкiлеттiктерді теріс пайдалану” бабы бойынша айыпты деп, танылды. Ол 1 жылға шартты түрде сотталды. Ол сот залында қамаудан босатылды.

“Феникс” фильмінің атқарушы продюсері Наталья Юдина 7 жылға шартты түрде сотталды. Рақымшылыққа байланысты оның жазасы 3,5 жылға қысқартылды. Ол 5 жыл бойы бақсарушы қызметтерді атқара алмайды.

Картина редакторы Гизат Сұлтанов ҚР Қылмыстық кодексінің 189-бабы – “Сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу” бойынша айыпты деп талынып, 5 жылға шартты түрде сотталды.

Жеке кәсіпкер Илья Коробейников 5 жылға шартты жаза алды. Рақымшылыққа байланыстың оның жаза мерзімі – 3 жыл 9 ай.

“Феникс” фильмінің дайындық мерзіміндегі түсірілім тобының директоры Марлен Әбішев 5 жылға шартты жаза алды. Рақымшылық бойынша, оның жаза мерзімі 3 жыл 9 ай.

Картинаның екінші режиссері Бижан Әбішев мүлкі тәркілене отырып, бір жылға шартты сотталды.

Жеке кәсіпкер Данияр Әбдіқадыров 7 жылға шартты жазаға кесілді.

ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің азаматтық шағымы ішінара қанағаттандырылды. Сот министрліктің пайдасына Жаманқұловтан 3,4 миллион теңге, Жәнібековтен 4,3 миллиоан теңге, сотталушы Гизат Сұлтановтан 1 миллион 54 мың теңге, Данияр Әбдіқадыровтан 9,6 миллион теңге өндіру туралы шешім шығарды. Сотталушылардан жалпы 18,4 миллион теңге өнідіріледі.

Айта кетейік, осы атышулы іс бойынша басты сот отырысы 9-наурызда басталған еді. Сотталушылар “Феникс” фильміне бөлінген қаражатты (69 миллион теңге) жымқырды деп айыптады.

Серіктестер жаңалықтары
Көп қаралған
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз