Екіқабат әйелдердің көңілін көтеретін бразилиялық акушер-гинеколог еркек Интернеттің жұлдызына айналды.
Ол туралы әлемдік БАҚ-тар шуласып жатыр. Сөйтсек Бразилиядағы перинатальдық орталықтардың бірінің акушер-гинекологы Фернандо Гудес да Куньи ай-күні жақындаған жүкті әйелдермен билеп, толғақ кезіндегі ауруды жеңілдетудің жолын тауыпты. Бүгінде акушер Instagram желісінде жұлдызға айналған.
«Ол музыка қосуымызды сұрайды. Ал біз би ойлап табамыз. Жаттығулар босануға көмектеседі. Ал нәтижесі – ақылға қонымды әдіс бойынша қалыпты әрі жеңіл босану», – деп жазды Фернандо Instagram желісіндегі парақшасында.