Нұр-Сұлтан
Қазір
2
Ертең
-1
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

Қостанайда автобус құрастырылып шығарыла бастады

112

Автобустың бөлшектері Қостанайдың машина зауытына дайын күйінде келеді. Бұған дейін көліктің бірнеше түрін шығарып тәжірибе жинақтаған жергілікті жұмысшыларға автобус құрау қиынға түскен жоқ, жылдам меңгеріп кетті. Алдағы мақсат – автоөнімдегі қазақстандық үлесті арттыра түсу.

Темірхан Мұқабаев, құрастыру цехының шебері:

– Бір апта бойы Қытайдан келген мамандар бізді оқытты, бірге құрастырып көріп, үйреніп алдық. Әзірге ірі бөлшектерден құрап жатырмыз, болашақта бұл автобустарды ұсақ бөлшектерден бастап жинайтын боламыз.

Кәсіпорында қоғамдық көліктің ұзындығы 8 метрден бастап 12 метрге дейінгі үш түрі құрастырылады. Мүмкіндігі шектеулі жандарға да барлық жағдай жасалған. «Бұл автобустардың одан өзге де артықшылығы көп», – дейді мамандар.

Байғали Исмағұлов, Коммерциялық техникаларды құрастыру цехының басшысы:

– Автобустар «еуро 5» экологиялық талаптарына сай келеді. Газбен де, дизельді отынмен де жүреді. Ұзындығына қарай орын саны көбейе береді. Мұнда жолаушыларға жайлы болуына баса мән берілген. Жаңа автобустардың бағасы 26 млн теңге шамасында. Оны өтімді ету үшін арнайы қаржылық қолдау жағы да қарастырылған.

Болашақта қоғамдық көліктердің қалааралық, туристер мен оқушыларға арналған түрлері де құрастырылмақ.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз