Нұр-Сұлтан
Қазір
4
Ертең
-2
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

Қостанай облысында дәріханалардың үстінен қарайтын мекеме басшысы ұсталды

Департаменттің баспасөз қызметі хабарлағандай, тергеу арқылы К.Өтегенованың бопсалаумен жүйелі түрде облыс аумағында фармацевтикалық өнімдерді жеткізумен айналысатын кәсіпкерлерден тексеру барысында анықталған заңбұзушылықтар бойныша әкімшілік жауапкершілікке тартпау үшін заңсыз ақшалай сыйақылар алып тұрған.

Осылайша, қызмет бабын асыра пайдаланып, өз пайдасы үшін Өтегенова кемшіліктерге көз жұмып, тексеру қорытындысы бойынша оң дәйектеме беру үшін жеке кәсіпкерден 400 мың теңге көлемінде пара алған. Сонымен бірге, К.Өтегенова департаменттің бас есепшісіне қызметкерлерге сыйлықақы бөлу туралы тапсырма беріп, 150 мың теңгені өз қалтасына басып қалған.

Лауазымды тұлға өз кінәсін толық мойындады. Сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз