Нұр-Сұлтан
Қазір
-1
Ертең
5
USD
444
-0.47
EUR
475
+0.97
RUB
4.8
+0.04

Қостанай облысы 25 жылда 106 млн тонна астық өндірді

111

Облыста қамбаға 5,6 миллион тонна астық құйылды, орташа гектар айналымы 13,3 центнерден келді. Республика ойынша өндірілген астықтың төрттен бірі Қостанай облысының үлесіне тиеді.

Үстіміздегі жылы облыста өндірілген барлық астықтың бір миллион тоннасын тек Қарасу ауданы диқандары жинады. Сонымен қатар Федоров ауданы алқаптарында бидай гектарына 16,3 центнерден келсе, Қарабалық, Сарыкөл, Ұзынкөл аудандарында бұл көрсеткіш 15 центнерден асып жығылды. Жеке шаруашылықтар да рекордтық көрсеткіштерге жетті. Мысалы, Меңдіғара ауданындағы Ольга Якимова жетекшілік ететін «Якимов» шаруашылығында гектар айналымы 26 центнерден келсе, Сарыкөл ауданындағы Баймырза Сатаевтың «Сатаев» шаруа қожалығы гектарынан 25 центнерден алтын астық жинады.

Ауылшаруашылығы қызметкерлерін облыс әкімі Архимед Мұхамбетов мерекелерімен құттықтап, еңбек ерлері мен адагерлерді  «Еңбек ардагері», «Құрметті ардагер», «Қостанай облысына 80 жыл» медальдерімен және «Ауыл шаруашылығы саласының үздігі» төс белгісімен марапаттады.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз