Нұр-Сұлтан
Қазір
-2
Ертең
11
USD
432
+2.31
EUR
506
+3.43
RUB
5.52
+0.10

Қостанай облыстық перзентханасында 31 жастағы әйел қайтыс болды

Марқұмның туыстарының айтуынша, қазан айының басында Оксана Гладкованың жағдайы жақсы болған. Жүктіліктің 5-айы еш қиындықсыз өтіп жатқан. Алайда, 2 қазан күні Оксана өзін жайсыз сезініп, туыстары жедел жәрдем шақырған. Бірақ, туыстары жедел жәрдемнің 1 сағат өткен соң келгенін айтады.

Онда да олар екіқабат әйелге дәрі беріп кетіп қалған. Ертеңінде Оксананың жағдайы тіптен нашарлап кеткен.

«Дүйсенбі күні түнде жедел жәрдем оны алып кетіп, 12 сағат бойы бір ауруханадан екінші ауруханаға тасумен болды», – деді Оксананың әкесі Владимир Чернов.

Оксана Гладкованы облыстық ауруханаға жатқызған. 4 қазан күні дәрігерлер іштегі баланың өлімін анықтаған және кесір тілігін жасап, әйелді жан сақтау бөліміне ауыстырған. 5 қазан күні Оксана Гладкова сол арада көз жұмған.

«Медициналық құжаттамаға, пациенттің қозғалу бағытына сараптама жүргізіліп жатыр, патологиялық-анатомиялық зерттеу жасалды. Гистологиялық зерттеудің деректерін күтудеміз. Тәуелсіз мамандардан және ҚР Денсаулық сақтау министрлігі мамандарынан құралған екі комиссия қатар жұмыс істеп жатыр», – деді Қостанай облысы денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Гүлшат Байжұманова.

– Дәрігерлердің кінәсі жайлы пікір айтуға әлі ерте, – дейді ол.

Серіктестер жаңалықтары
Көп қаралған
© «365 Info», 2014–2020 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз