Нұр-Сұлтан
Қазір
17
Ертең
2
USD
446
-0.83
EUR
475
-0.80
RUB
4.78
-0.01

Қостанай кеден бекетінің техникалық қамсыздандыру орталығының басшысы ұсталды

Нұрғазина тауарларды кедендік ресімдеуді жеделдету үшін жеке тұлғалардан жүйелі түрде пара алу мақсатында қылмыстық схема құрған. Оған кеден бекетінің 11 лауазымды тұлғасы мен 30-дан астам кәсіпкерлер ат салысқан. Әрқайсысының атқаратын өз жауапты тапсырмасы болған, оларды Нұрғазина жалпылама басқарып отырған. Мәселен, кеден бекетінің маманы Жақсылықов “кассир” болған.

“Биыл қараша-желтоқсан айларында алынған пара көлемі 10 миллион теңгеден асады. Қазіргі уақытта Нұрғазина мен Жақсылықов ҚР Қылмыстық процессуальдық кодексінің 128-бабына сәйкес ұсталып, Рудный қаласы ішкі істер басқармасының уақытша ұстау изоляторына қамалды”, — деп хабарлайды департамент.

Сот алды тергеу жұмыстары басталып кетті.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз