Нұр-Сұлтан
Қазір
3
Ертең
3
USD
450
-0.49
EUR
487
-1.57
RUB
4.86
0.00

Өскемендік депутаттың өзі тегін берілетін дәріге қолы жетпей жүргенін айтты

https://kaz.365info.kz/auruhana-khyzmetinin-sapasy-syn-kotermejdi-endi-halykhkha-zharna-tole-degeni-khaj-saskhany-256583

Мен өзім бір ай ғана тегін дәрі алдым, ал қалған кездері өз қалтамнан ақша шығарып сатып алдым. Ал сонда сол дәрі, оған бөлінген ақша қайда кетті?

Адамдар өзіне тиесілі тегін дәріні ала алмай отыр. Қайда олар? Ақша қайда кетіп жатыр, бөлінді ғой” – деді облыс мәслихатының депутаты Олег Чернышов.

Өкінішке қарай, жиында облыстық денсаулық сақтау басқармасының өкілдері болмаған.Бірақ өңірдің қаржы басқармасы бастығының орынбасары бұл мақсатқа бюджеттен ақша уақытында бөлінгенін жеткізді.

“Кепілдендірілген медициналық көмек үшін 38,5 млрд теңге бөлінді. Оған қоса тегін берілетін дәрі-дәрмектер үшін 10,6 млрд теңге жұмсалды. Соның арқасында қант диабетімен, обырмен, қан ауруымен, Вич жұқтырғандар тегін дәрі-дәрмекпен қамсыздандырылды”, – деді ШҚО Қаржы басқармасы бастығының орынбасары Галина Пахомова.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз