Өскеменде жол талғамайтын көлік Үлбі өзеніне түсіп кетті.
Бұл туралы Шығыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
Бүгін Өскемен қаласында жол талғамайтын көлік жолдың шетіне шығып, суға түсіп кеткен.
Жүргізуші зардап шеккен жоқ, ол салоннан өз бетімен шыға алған. Құтқару қызметінің басты мәселесі, енді судан көлікті шығару болып тұр.