Өскеменде мектеп оқушыларын қашықтан оқытуы мүмкін. Өйткені өндірісті шаһарда желсіз күндер көбейіп, көк түтін басып қалатын кез жиілеп кеткен, – деп хабарлайды https://kaz.365info.kz/ сайты 24kz-ке сілтеме жасап.
Осы айда Өскеменнің аспаны ашық болған кез аз тіркелген. Жалпы 18 күн қолайсыз метеорологиялық күн жарияланды. Ал жыл басынан бері 105 рет осындай хабарлама таратылған.
«Біз шеткері шағынауданда тұрамыз. Жағдай біршама жақсы алайда қала орталығында керісінше. Демалу мүмкін емес. Өйткені ірі зауыттардың барлығы сол жақта. Тұратын кісі де көп. Көк тұман жайлай бастағанда экологтар да құрал-жабдықтарын көтеріп ірі өндіріс орындарын тексеруге шығады. Үнемі болмаса да, ауа құрамында күкірт диоксиді,күкіртсутек пен өте ұсақ бөлшектердің шекті рұқсат етілген мөлшерден асуы байқалып тұрады. Тымық күндері жағдай тіпті ушығады. Сондықтан тұрғындар самал желдің соғуын асыға күтеді. Алайда оның да көмегі шамалы. Өйткені өндірісті қала осындай тау ортасында шұңқырда тұр. Шыққан түтін, де тұман да шаһар аспанын торлап алады», – дейді қала тұрғыны Руфия Смаилова.
Ата-аналардың шағым көбейеген соң Облыстық білім басқармасы әкімдікпен және экология департаментімен бірлесіп, оқушыларды қашықтан оқыту алгоритімін құрып жатыр. Өйткені өлкеде желді, аязды күндері онлайн режимге ауысудың нақты талаптары болғанмен, ауа құрамының ластануына байланысты сабақты шегеру тәртібі бұрын-соңды болмаған. Облыстық Білім беру басқармасы басшысының орынбасарының айтуынша, шектік концентрация көлемі де көрсетілмегенін айтады.
«Соған байланысты қазір ақылдасып шешіп жатырмыз егер де мысалы, үш күн қатарынан болған жағдай болса көшіреміз бе деген сияқты. Балаларды қашықтан оқытуға қандай көрсетілім керек, соған байланысты қазіргі уақытта алгоритм жасалып жатыр. Әкімдік ауа құрамын тексеретін заманауи жылжымалы зертхана сатып алмақшы. Көгалдандыруға көңіл бөліп, қоғамдық көлік қатарын электроавтобустармен толтырмақ. Ал экологтар болса, автоматтандырылған мониторинг жүйесін орнатпаған ірі зауыттарға қатысты талапты күшейтті», – деді Жанғазы Әліпбаев.
Шығыс Қазақстан облыстық Экология департаментінің бөлім басшысы Меруерт Жарлығасымованың айтуынша, он кәсіпорын әлі күнге дейін орнату жұмыстарын жүргізіп жатыр.
«Экология департменті тексеріс жүргізіліп айыппұл салған. Оларға 2026 жылдың жартыжылдығын дейін орнату ұсынымы берілді. Биыл түрлі экологиялық заңбұзушылықтар бойынша ондаған кәсіпорын басшылығы жауапкершілікке тартылды. Оларға жалпы 2 миллард теңге көлемінде айыппұл салынды», – деді ол.