Өскеменде 5518 әскери бөлімі күдіктіні ұстады. Күдікті қызметтік иттің арқасында ұсталды.
Тұрғын үйдің бірінің маңынан 50 жастағы ер адам ұсталды. Оның түр-тұлғасы жәбірленушінің сипатына сәйкес келді. Құжатын тексергенде өзін өте күмәнді ұстаған. Оның өзімен бөлімшеге баруы тиіс екенін айтқанда, қашуға ұмтылды.
Кинолог қызметкерінің бұйрығымен Сэм есімді қызметтік ит күдіктінің қуып, ұстап берді.
Жәбірленуші күдіктінің өзін зорлаған ер адам екенін растады. Қазір тергеу жүріп жатыр.