Қатонқарағай ауданына қарасты Үлкен ауылындағы жеке үйлердің бірінен анасы мен оның екі кішкентай қызының мәйіті табылды.
Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.
Суыт хабар полиция кезекшілігіне кешкі сағат 19.00 шамасында келіп түсті. Жедел іздестіру тобы дереу оқиға орнына келіп жетті. Дерек сотқа дейінгі тексерудің бірыңғай тізіліміне енгізіліп, қылмыстық іс қозғалды. Ішкі істер департаментінің жедел-тексеру тобы Үлкен ауылына келді. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, қажетті сараптамалар тағайындалды, деп хабарлады облыстық ІІД.
Сол түні әлеуметтік желілерде әйелдің өз-өзіне қол салғандығы туралы сыбыс қызу талқыланды.