Нұр-Сұлтан
Қазір
8
Ертең
20
USD
449
+0.08
EUR
478
+1.11
RUB
4.76
-0.01

Өскеменде бизнесмен өз пәтерін тонап банктен ақша алмақшы болған

Құрылыспен айналысатын бизнесмен әйел банктен несиеге 5 миллион теңге алады. Осы ақшадан ол жұмысшыларға жалақы беріп және құрылыс материалдарын сатып алған. Фирманың дамуы үшін ақша жетпей қалып, осыдан соң әйел қосымша ақшаны басқаша жолмен алуға бекінеді. Ол өз пәтерін тонау жоспарын құрып, зардап шегушінің кейпіне енбекші болыпты.

Ол өзінің танысына өтініш айтып, пәтерінің астын-үстіне шығарып тастауын сұрайды. Сосын бизнесмен полицияға хабарласып, 2 миллион 700 мың теңгесін ұрлап кеткенін айтып шағымданады. Алайда тексеру кезінде ұрлық әрекеті бар болғаны алдын ала ойластырылған дүние екені анықталған.

Нәтижесінде сот әйелді үш жылға бас бостандығынан айырды. Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз