Кеше Өскемен тұрғыны өзін белгісіз еркек пәтерге алдап апарып ұрып-соққанын, зорлық қылғанын айтып патрульдік топтың жетекшісі Дулат Трумовқа шағымданған.
“Космическая көшесіндегі бір үйдің ауласында шағымданушының сипаттамасына келетін 50 жастағы еркек тоқтатылды. Тексеру барысында,ол 5518 әскери бөлімінің патрульдік тоьына бағынбай қарсылық көрсеткен. Оқиғаны тәптіштеп айтып беруін өтінгенде аулалармен жалтара қашыпты. Сол сәтте күдіктіні кинолог Мәди Таиевтің қарамағындағы ит ұзатпай ұстап алған”, – деді «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының баспасөз хатшысы Бағдат Амангелді.
Шағымданушы күдіктіні бірден таниды. Қолға түскен адам қазіргі уақытта Үлбі аудандық полиция бөлімшесінде. Оның үстінен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.