Бүгін Өскемен мен Семейдегі мектептерде сабақ болмайды.
Бұл туралы ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің баспасөз қызметі хабарлады. Өйткені бұл өңірлерде жаңбыр аралас қар жауып, оның арты көктайғаққа ұласқан.
«Семейде көктайғаққа байланысты 1-ауысымдағы 1-4 сынып балалары, сондай-ақ Өскемен қаласында 1-ауысымдағы 1-9-сынып оқушылары үшін сабақ болмайды», – делінген хабарламада.