Оның себебі ресми түрде әлі айтылмай жатыр.
Өскеменде жаппай электр қуатының өшуіне себеп болған ақау кешке дейін жойылатын болады, деп хабарлады Sputnik Қазақстан агенттігі Шығыс Қазақстан өңірлік энергетика компаниясына сілтеме жасап.
Компания өкілінің атап өтуінше, бейсенбі күні таңертең қалада жарық сөнген.
“Бір станциядан ақау шықты, сондықтан бүкіл қала электр қуатынан ажыратылды. Қазір ақаудың бір бөлігі жойылды. Қаланың жартысына жарық берілді, екінші жартысы жарықсыз қалып отыр”, — деді компания өкілі телефон арқылы.
“Бүгін желі толық қалпына келтіріліп, бүкіл қалаға жарық беріледі”, — деп түйді компаниядағылар.