Нұр-Сұлтан
Қазір
-3
Ертең
11
USD
444
-0.87
EUR
476
-0.84
RUB
4.82
0.00

Қош бол, Ильин! Алексей Ни жаңа команда жасақтағалы жатыр

“Алтын медалін қайтарғысы келмейтіндерді жақсы түсінемін”

Бұдан бұрын біздің ауыр атлет Светлана Подобедова өзінің спорттық мансабын аяқтайтынын айтқан және алтын медалімді қайтармаймын деп мәлімдеген. Нидің бұған қатысты ой-пайымы мынадай екен: 

“Светаны жақсы түсінемін. Дәл мынадай соққыдан кейін кім-кімнің де қайта көтеріліп кетуі өте қиынға соғады. Оның үстіне, ол үлбіреп тұрған жас емес, қайта бекініп, тастүйін болып шығу енді, тіпті, қиындап кетеді. Сондықтан атлеттің медаль жөніндегі айт­қанына да ештеңе алып-қоса алмаймын. Қалай дегенде де, ол осы медаль үшін барын салды, жанын шүберекке түйді. Бұған спортшының бір өзі ғана емес, қан­шама адам, команда қызмет етті”.

Спортшыларды жазалау мерзімі қанша уақытқа созылады?

Мұны Нидің өзі де білмейді екен. Бірақ, бәрібір де шәкірттерінің кінәсіздігін қайталаумен болған.

– Қайта тексеру Олимпиада ойындары өткесін 4 жылдан кейін жасалып жатыр. Сол себепті, спорттан шеттету уақыты спортшылардан сынама алынған уақытынан бастап есептелуі керек деп санаймын. Мәселен, оның берілген мерзімі 4 жыл болса, биылғы жылдың соңында ол аяқталуы тиіс. Бірақ бұлардың бәрі — менің болжамым ғана, – дейді ол.

Спортшыларды құтқарып қала аламыз ба? 

Нидің пайымдауынша, мұндай мүмкіндік бар. Бірақ… олардан күдер үзе беруге тура келетін сияқты. Бас бапкердің сөз ыңғайынан осыны аңғардық.

— Негізінен, бәрін басынан бас­тауға тура келетін түрі бар. Жаңа өсіп келе жатқан жас атлет­терімізге көбірек назар аударып, соларға күш саламыз. Солардың қатарынан жаңа команда жасақтап алуға бағыт ұстаймыз. Қазір де біздің жоспарымызға кіріп қойған біраз талантты жас бар, – деген екен сөзінің соңында Алексей Ни. 

20160820061324

 

 

 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз