Нұр-Сұлтан
Қазір
3
Ертең
-1
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

Орыстан алыстағанымыздың тағы бір белгісі: арақты қойдық!

155

Ол кез өтті, кетті. Кеңестік дәуірмен салыстарғанда қазіргі “тәуелсіз қазақтар” арақтан алыстап барады. Жөн және солай болуы тиіс.

Арақтан бір күнде арылған жоқпыз. Бірақ, 80-ші жылдардың ортасы мен 90-шы жылдардың аяғына дейін “қу арақ” дастарханымыздың төрінде тұратын.

Келген қонақты арақпен сыйлайтын едік. Арақ қойылмаса дастархан жұтаң көрінуші еді…

Алайда әрбір теріс дүниені уақыт өз елегінен өткізеді. Ол сұраныстан, қолданыстан қалады.

2000-шы жылдардан бері қарай арақтан алыстай бастадық.

121

Қазақ өзгерді. Қоғамдық өмірдегі арақтың рөлі мен орны төмендеді. Оның қадірсіз екенін түсіндік. Бұған ең алдымен елдің сөз жүзіндегі емес, іс жүзіндегі мұсылмандыққа бет бұруы, ұлттың сана-сезімінің өсуі және ең бастысы капитализм әсер етті.

Жоқ, рас. Қазақ тіршілік етуге көшті. Қыбырлады, жыбырлады.

Біз, арақтан толыққанды арылдық деп айтуға әлі ерте. Бірақ, арылып келеміз. Кеңестік дәуірдің сарқыншағынан құтылғанымызға қуануымыз керек. Бұл орыстан алыстап жатқанымыздың тағы бір белгісі”, дейді саясаттанушы.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз