Нұр-Сұлтан
Қазір
10
Ертең
17
USD
475
+0.11
EUR
516
+0.21
RUB
5.5
-0.08

Орыс тілі позициясын жоғалта ма?

376

2018 жылға қарай әлемде орыс тілін үйренетін шетелдіктердің саны екі есеге қысқарды, деп жазады РБК.

Әлеуметтанушылар көрсеткіш бұдан әрі де азаяды деп болжап отыр. Бұған себеп Ресей өз мәдениетін насихаттау үшін жеткілікті күш жұмсамайтынында.

Социологиялық зерттеулер орталығы ведомствоаралық комиссияға орыс тілі бойынша баяндама дайындады.

Белсенді тіл саясаты қажет

Орыс тілі әлемде таралуы бойынша оныншы орында. Әлеуметтанушылардың мәліметінше, тоқсаныншы жылдардың басында 75 млн адам орыс тілін оқыған. Бірақ 2004 жылға қарай тек 51 млн орыс тілін таңдаған, ал 2018 жылы — барлығы 38 млн.

Посткеңестік кеңістікті санамағанда, әлемде

КСРО ыдырағалы бері орыс тілін үйренгендердің саны шамамен 20 есеге қысқарды

Әсіре құлдырау Шығыс Еуропа және Балқанда байқалады. 1990 жылы бұл аймақтарда 38 млн орыс тілінде сөйлейтін, ал 2015 жылға қарай 8 млн қалған. Посткеңестік кеңістікте те құлдырау бар, бірақ соншалықты қатты емес — 120-дан 83 млн-ға дейін.

Есесіне АҚШ-та, Канадада, Австралияда және Жаңа Зеландияда орыс тілін үйренушілердің саны 1,2 млн-нан 4 млн-ға артты.

“Жаһандық саясаттағы Ресей” журналының бас редакторы Федор Лукьянов орыс тіліне деген қызығушылық қалпына келеді деп санайды. Бірақ барлық жерде емес. Бірақ “Ресей өз мәдениетін тарату үшін еуропалық елдерге қарағанда аз еңбек етеді”.

— Франция, Германия және тіпті Швеция белсенді тілдік және мәдени саясатты жүргізуде, бізде әзірге бұл басым емес, — деп РБК Лукьяновтың сөзін мысалға келтіреді.

2014 жылдан бастап 2018 жылға дейін Өзбекстанда және Тәжікстанда орыс тілін үйренушілер саны артты. Бірақ ТМД мен Балтық елдерінде бұл сан соңғы 15 жылда 11-ден 7,5 млн-ға дейін қысқарды.

Алдағы жылдары жағдай бұдан да нашарлауы мүмкін

Орталық сарапшылары 2025 жылға қарай орыс тілін 215 млн-ға жуық адам меңгеретін болады деп болжайды. 2015 жылы бұл көрсеткіш 243 млн болды (әлемдік халықтың 3,2%).

— Егер ешқандай әрекет жасамаса, 2025 жылға қарай жағдай нашарлауы мүмкін, — деді баяндама авторларының бірі, “Социоорталықтың” директорының орынбасары Александр Арефьев.

Сонымен қатар ол кейбір елдерде 2015 жылдан бастап жақсару басталғанын атап өтті. Мысалы, Еуропа мен Солтүстік Америкада тілді үйренушілердің саны өсуде. Жеке және қоғамдық білім беру орталықтарында, сенбі және жексенбілік мектептерде Ресей мен бұрынғы КСРО елдерінің эмигранттарының балалары есебінен оқытылады.

А. С. Пушкин атындағы Мемлекеттік орыс тілі институтының ғылым жөніндегі проректоры Михаил Осадчий орыс тілін көбіне жеке меншік мектептерде үйретететінін айтты.

Сондықтан орыс тілін үйренушілердің нақты санын есептеу мүмкін емес

— 2000-шы жылдардың басына дейін Ресей шетелде орыс тілін дамыту үшін ештеңе істемеді. Оқыту қосымша білім берудің жеке қызмет көрсету саласына көшті. Мысалы, АҚШ-та жеке меншік және чартерлік мектептер (мемлекеттік-жеке серіктестік мектебі) орыс тілін жетік оқытады, бірақ оларды есепке алу қиын, – дейді Осадчий.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз