Блогер Тәңірберген Бердоңғар Астанада өрттен қаза тапқан бес қыздың ата-аналарымен әңгімелесті.
Қайғылы оқиғаны ата-ана кадр сыртында баяндайды.
— Сұрақтарыма жауап беруге күш-жігерлері жеткендеріне таңмын. Бұл күндері Желіде небір қауесет әңгіме қаптап кетті, менің ойымша, сұрақтарға жауап беруге келіскендері дұрыс болды, — деп атап өтті Бердоңғар.