Нұр-Сұлтан
Қазір
-3
Ертең
0
USD
521
0.00
EUR
610
0.00
RUB
6.68
0.00

Орталық мемлекеттік музей келушілерді қайта қабылдай бастайды

257
Сурет: Орталық мемлекеттік музейдің баспасөз ақпараты

Музей сағат 10.00-ден 18.00-ге дейін жұмыс істейді.

«Күту аймағы 15 адамға арналған. Мұражайдың көрме залдарына 30-дан астам адам кіре алады. Мұражайға  Орталық кіреберістен (Назарбаев көшесі жағынан) кіруге болады, —

делінген мұражай хабарламасында. —

Келуші санитарлық ережелерді сақтай отырып, күзет тексеруінен өтеді (антисептик, маска кию, 1,5 м қашықтықты сақтау). Келушілер кіреберісте көрсетілген бағыт бойынша бір-бірінен 1,5 м қашықтықты сақтай отырып, залды аралай алады.

Залдан шығу келесі тәртіппен жүзеге асырылады. Келушілер бір-бірінен 1,5 м қашықтықты сақтай отырып, берілген бағыт бойынша мұражай залынан шығады. Залдан шығу схема бойынша мұражай қызметкерлерінің бақылауымен жүзеге асырылады.

Келуші жоғарыда көрсетілген талаптарды сақтамаған жағдайда мұражай қызметкері ескерту жасап, мұражай ғимаратынан шығуын сұрауға құқылы».

Серіктестер жаңалықтары
Көп қаралған
© «365 Info», 2014–2025 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз