Нұр-Сұлтан
Қазір
9
Ертең
9
USD
445
-1.34
EUR
474
-1.25
RUB
4.76
-0.02

Орталық Азияда кімдер өзін Шыңғысханның ұрпағымыз деп атай алады?

650

Жер бетіндегі 16 миллионға жуық адам өзін ұлы қолбасшының ұрпағымын деп атай алады. Мұндай мәліметтерді Англия мен Франция ғалымдары Азияның 137 аймағында тұрып жатқан ерлердің ДНҚ үлгілерін зерттей отыра хабарлады, Kaktakto.

2005 жылы Моңғолияның аумағында ғалымдар генетикалық сараптама жүргізіп, өңірді мекендеген ер адамдардың шамамен 8%-да геномда ежелгі бір ата-бабаға тиесілі бірдей Y-хромосомасы бар екенін анықтады. Тарихи деректер бойынша, бұл ата-баба Шыңғысхан болуы әбден мүмкін.

Қырғыздар

2003 жылы философия докторы Татьяна Зерджал бастаған ғалымдар тобы Қырғызстаннан келген ерлердің ДНҚ-материалдарына талдау жасады. Зерттеуге сәйкес, ДНҚ-құрылымдарда сақталған бірнеше гаплогруппа бөлінді: R1a гаплогруппа және С2b гаплогруппа. Соңғы гаплотопқа толығырақ тоқталайық.

Зерттеулерге сәйкес, дәл осы гаплогруппа Шыңғысханның ұрпағы — чингизидтердің  ДНҚ-да бар.

Бұл өте ежелгі гаплогруппа, өйткені оның жоғары концентрациясы оқшауланған австралиялық аборигендерде байқалады

Бұл оны тасымалдаушылардың Азияның ежелгі халқының ұрпағы екенінің бір көрінісі. Олар Африканы бірінші болып кетіп, жоғары концентрацияда тек екі оқшауланған аймақта сақталған — Моңғолия мен Австралияда.

Зерттеулер қырғыздардың гендерінде C2b гаплотоптарының 12,2%-ы және C2c гаплотоптарының 7,3%-ы бар екенін көрсетті. Бұл қырғыздардың басым бөлігі өзін Шыңғысханның тікелей ұрпағы деп есептей алатынын білдіреді.

Қазақтар

Қазақтардың ДНК-материалдарының генетикалық талдауы қызық нәтиже берді. Мәселен, жүзге кірмейтін Төре руы Шыңғысханның ұрпағымыз деуіне толық негіз бар.

Зерттеулерге сәйкес, осы руға кіретін қазақтардың 36%-ның ДНҚ-да С2b гаплогруппасы бар

Төре руы Қазақ хандығы кезінде әрдайым билік басында болған және Шыңғысхан ұрпағы саналғандықтан, бірқатар артықшылықтарға ие болған: хан сайлануға құқығы бар сұлтан атағы берілетін, өзінің феодалдық бөлінісін иеленуге құқығы болатын.

Толық емес мәліметтер бойынша (Түркістан, Семей, Жетісу, Сыр-Дария және Торғай облыстарының 20 уездерінде) XIX ғасырдың соңында және XX ғасырдың басында 28 мың Төре болған.

Қалмақтар

Бұл халық шын мәнінде Шыңғысханның ұрпағымыз деп мақтанышпен айта алады. Этнографиялық және генетикалық деректерге сәйкес, ол өз бастауын Шыңғысханның үшінші ұлы — Үгедейден алады, және ол чингизидтердің с2б1б1 генінің тасымалдаушысы болып табылады.

Қазіргі Қалмақия аумағында тұратын 183 мың адамның 200-ге жуығы оның тікелей тасымалдаушылары.

Осылайша, қырғыздар мен Төре руының қазақтары өздерін ұлы көшбасшының ұрпағымыз деп атай алады

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз