Нұр-Сұлтан
Қазір
21
Ертең
24
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

“Орнатып қоясыз…”. Психолог баланың смартфонға тәуелділігін қалай жоюға болатынын айтты

958

Балалардың смартфон мен планшеттерге тым жақын болуына ата-ананың өзі кінәлі. Өйткені олардың баласына уақыты жоқ, оның орнына гаджет беріп құтылады. Екіншіден, кішкентай балалардың бос уақыты көп, бірақ олар не істеу керектігін білмейді. Сонымен қатар, олар ересектердің іс-қимылын қайталайды. Ал ата-ана кешке жұмыстан келіп, уақытын телефонмен өткізетін болса, онда балалар мұны қалыпты жағдай деп санап, соған тез бейімделеді. Сондықтан психолог мұндай жағдайда отбасылық тәртіпті бір жөнге келтіруге кеңес береді.

Баланың гаджеттерге тәуелділігін төмендегі белгілер бойынша анықтауға болады:

* Эмоционалды өзгерістер, есірігі ұстаудан бастап, қоғамнан оқшаулануға дейін;

* ұзақ уақыт бойы ештеңеге зейін сала алмауы, есте сақтау қабілетінің нашарлауы;

* денсаулығы нашарлайды: көру қабілетінің бұзылуы, омыртқа қисаюы;

* қол моторикасы шектеулі болғандықтан сөйлеу қабілетінің нашар дамуы. Яғни, бала үш жасында сөйлей алмайды, өйткені оның моторикасы планшеттегі сандарды басумен ғана шектелген;

* дамудың тежелуі. Бұл 100 пайыз барлығында бола бермейді. Ол патологиялық процес болып саналады.

«Сұмдық қой…». Қытайда гені өзгертілген балалар туылған екен

Анастасия Стеблянконың айтуынша, гаджеттерге тәуелділіктен арылудың арнайы тәсілдері бар. Психолог ата-аналарға баланың телефонға деген махаббатын байқағанда қалай әрекет ету керектігі туралы кеңес берді:

* Ең алдымен, балаға бос уақытыңызды бөліңіз. Көбінесе, бұл адам жасына қарай тәулігіне бір сағаттан аспайды. Сонымен қатар, уақытты жоспарлау маңызды, өйткені оны белгілеп қоймасаң, таба алмайсың.

* Баламен дүкенге барып, оған кітаптар мен ойындарды таңдаңыз – паззл, бояғыш, конструктор, үстел ойындары.

* Балаға компьютер немесе планшетте отыру ережесін түсіндіру.

* Бұл ережелерді өте қатал ұстау. Күніне бір сағат ойнасақ, уақытты төртке бөліп, оған салғырт қарамау.

* Баланы телефоннан алшақтатудың тағы бір жолы – ата-анамен бірлесіп жұмыс жасау. Балаларды үйдің жұмысына тарту қажет, тамақ пісіруге, үй тазалауға немесе жазда бақшада көмектесу.

* Бала бос отырмас үшін, оны түрлі үйірме немесе спорт секцияларына беруге болады.

* Кейбір жағдайда үй жануарын алып келіп, балаға оны қарауын сұрағанда мәселе шешілуі мүмкін. Баланың далаға шығып жиі ойнағаны дұрыс.

«Мен ондай емеспін!..». Өзінен 14 жас кіші жігітке тиген келіншек ашынып кетті (видео)

Алайда, Анастасия Стеблянконың айтуынша, ата-ана айтылған нәрсенің барлығын орындаса да бала гаджеттерге тәуелділікпен күресе алмаса онда баланың нерв жүйесінде қандай да бір өзгерістер болуы ықтимал. Сондықтан мұндайда дереу балалар невропатологына бару керек. Кейін бала психологына бару керек, осы екі маманның тексеру нәтижесі бойынша балалар психиатры қажет пе, жоқ па анықталады.

Ауылға жіберу – мәселенің шешімі емес. Кейбір ата-аналар, баласын гаджетке тәуелдіктен айыру үшін ауылға жібереді, себебі онда Интернет жоқ. Психологтың ойынша, бұл мәселені уақытша ғана шешеді. Қалаға оралғанда бала қайтадан бұрынғы ортасына түседі. Сәйкесінше, гаджетке ынтықтығы да қайта оянады. Сонымен қатар, маманның айтуынша, қазір Интернет барлық дерлік жерде бар және шеткі аймақтарда тұратын ата-аналар да осындай мәселемен көмек сұрап келген жағдайлар болған.

Дереккөз: Тengrinews.kz

Мынау – «престелген» қыз. Камиланың миллион пәдписшигі бар! (фото)

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз