Қазіргі таңда ҚР Әкімшілік кодексінің 409-бабының 2-тармағына сәйкес, 18 ата-анаға 5 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
https://kaz.365info.kz/sagadiev-khate-byjrykh-shygardy-amanegeldi-ajtaly-oramal-dauy-turaly-ne-dejdi-304835
“Осы жылдың басындағы мониторинг барысында облыстың 88 мектебінде мектептің киім үлгісін сақтамайтын 340 оқушы анықталды.
Ақпараттық-түсіндіру жұмыстарының нәтижесінде, 13-наурызда мектепке жоғарыда аталғандардың қатарындағы 268 оқушы мектептік киім үлгісімен келе бастады,
32-сі басқа өңірге көшіп кетті. 72 ата-анамен түсіндіру жұмыстары жүргізілуде”, — деді Оразбаева.
https://kaz.365info.kz/ozim-bilem-zhanaozende-okhushy-khyzdardyn-oramalyna-khatysty-dau-tagy-byrkh-etti-279365
Мектептің киім үлгісін сақтамайтын оқушылардың ата-аналары білім ұйымдарының басшыларын сотқа берген. Ақтөбе қаласының соты Мұғалжар, Темір, Шалқар және Қобда аудандарының мектептеріне және Ақтөбе қаласының №№ 8, 13, 23, 36, 40, 48, 49, 60, 62 мектептеріне қатысты ата-аналардың талап-арызын қанағаттандырмады. Хромтау ауданы ата-аналарының талап-арызы сотта қаралуда.
Бұл мәселе Ақтөбе облысының Білім сапасын бақылау департаментінің бақылауында.
“Ақтөбе облысының білім сапасын бақылау департаменті ҚР Әкімшілік кодексінің 409-бабы 2-тармағы негізінде 18 ата-анаға 5 АЕК көлемінде айыппұл салды. Тағы да 4 әкімшілік іс қаралуда”, — деді Ақтөбе облыстық білім сапасын бақылау департаменті басшының міндетін атқарушы Жанат Мұхамбеталина.
https://kaz.365info.kz/khakhynyz-zhokh-akhtobede-mygalim-men-oramal-takhkhan-ajel-tobelisip-khaldy-video-297655